Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдардың концертінің соңы жаппай айқай-шуға ұласты (фото,видео)

Алматыда ән кешін атап өткен Ернар Айдар тыңдармандарын тәттіге таластырып қойды. Әншінің командасы көрерменге 200 келі болатын  торт әзірлеп, зәулім сарайдың дәл ортасына қойған.

Концерт соңында орын алған бұл оқиғаға Stan.kz тілшісі де куә болды.

Бастапқыда халыққа тосын сый жасау Ернардың продюсері әрі ағасы Талғат Айдар мен Бауыржан Есебаевтың идеясынан туындапты. Сазгердің сөзінше тәттіні тарату басқаша түрде жоспарланған екен. Алайда, мәдениеттен жұрдай болған жұрттың ерсі қылығы Есебаевты таң қалдырған.

«Біз кесіп барлығын дайындап қоямыз деп ойладық. Ыдыстардың да барлығын алып қойғанбыз. Шыққан адам қолына ұстап кететіндей қылып істейік деп айтқанмын.

Халық таласпаса да болады ғой енді. Осы да үйрететін нәрсе ме енді. Мен ойлағанмын мәдениетті түрде, сауатты түрде болады деп. Бұлай болады деп кім ойлаған? Халықтың бұл қылығы үшін кешірім сұраймын бәріңізден», – дейді сазгер Бауыржан Есебаев.

Тортты талан-таражға салған халықтың бұл қылығын Ернардың өзі көрген жоқ. Өйткені, өнер иесі дәл осы уақытта сахна сыртында болған. Десекте, әншінің тыңдармандарға әзірлеген тосын сыйына қатысты пікірін білген едік.

«Байқайсыздар ма билеттің өзін «шақыру билеті» сияқты қылып шығарған.

Сондықтан сенің тойың ғой, халыққа тосын сый жасайық деді. Шыныменде бұл менің тойым ғой енді бір жағынан. «Тойдан тобықтай болсын» деген ниетпен көлемді тәтті тортты дайындапты.

Оны да жасау қиын екен. Бірақ, тыңдармандарым бұдан да үлкен құрметке лайық. Дәм татып кеткен халқыма рахметімді айтамын», – дейді Ернар Айдар.

Ал, тосыннан тәттіге тап болған тыңдармандардың қуанышында шек жоқ. Олар бұрын-соңды мұндай кештің болмағанын айтып, таңдай кақты.

«Бұл тортты енді ырымдап алып жатырмыз. Немерелеріміз Ернар Айдар сияқты әнші болсын деп», – дейді Назгүл Алыбаева есімді тыңдарман.

«Бұл концерттің ерекшелігі деп білемін. Әр концерттерде мұндай тәтті тарату деген болмайды ғой. Бұл Ернар Айдардың пейілінің кеңдігі деп ойлаймын. Ернарға көп-көп рахмет айтамыз», – дейді Зергүл Әділбекова есімді қонақ.

Айта кетейік, бұл Ернар Айдардың 5 жылдық есеп беру кеші болатын. Әнші «Күнім сен сөнбеші» атты концертін осы жылдың көктемінде өткізуді жоспарлаған. Алайда, тосыннан жол апатына ұшырап, ойы жүзеге аспаған болатын.

Бізбен бөлісен қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Оқи отырыңыз:

Фотосуретші қасқыр мен аю арасындағы ерекше достықты түсіріп алды (фото)

Саусақ “тақылдатса”,ұшақта телефон қосса не болады: ең қызықты сұрақтарға жауап

Солтүстік Кореяда санкция салдарынан халықтың көңіл көтеруіне тыйым салынды

Түрмеге бірге түскен екі сотталушының бірі екіншісін зорлаған педофил болып шықты

 

Талқылау