Саусақ “тақылдатса”,ұшақта телефон қосса не болады: ең қызықты сұрақтарға жауап

Бейсенбі, 23 Қараша , 2017 15:12

Әр адамның ойында әйтеуір бір уақытта қызық сұрақ пайда болатыны бар. Кейде ондай сұрақтардың жауабын білу үшін кімге қоятынды да білмейтінбіз. Кей кездері  ондай сұрағыңның барын айтудың өзі ұят. Бірақ интернет пайда болғалы кез-келген сұрақты қою мүмкіндігі туды.

Назарларыңызға ең  күлкілі әрі қызық ғаламторда жиі  қойылған сұрақтар мен олардың жауаптарын ұсынамыз.

Аязда қайнаған суды шашып жіберсе не болады?

Егерде күн райының суықтығы -20°C  ден жоғары болса бірден мұзға айналады. Себебі ыстық су мұздай суға қарағанда жылдам мұзға айналады екен. Бұл құбылысқа ғалымдар нақты жауап айтқан емес. Дегенмен ыстық су тез мұзғ, қарға айналатыны анық.

Сағызды жұтып қойса не болады?

Сағызды жұтып қойса  ішек жабысып қалады, 7 жыл боыйна асқазанда тұрады деген сөзді жиі естиміз. Бірақ бұл өтірік. Дәрігерлердің барлығы да  асқазан-ішек жолы дұрыс жұмыс істейтін адамның етті түрлі тағамдарды қорытып жіберетінін, сағыз да сол өнімдердің қатарында кететінін айтады. Асқазан мен ішек жолындағы қышқыл тым ащы тым үлкен заттан басқасының барлығын ерітуге, қорытуға қаухарлы екен.

Көлікке жағармайдың орнына су құйса не болады?

Жақсы ештеңе болмайды. Судың тыңыздығы жоғары болғандықтан маймен араласып кетпейді. Күн санап бөлініп тамып отырады. Көліктің әрі қарайғы қозғалысы судың мөлшеріне байланысты. Су аз болса қоқатын дәнеңе жоқ. Ал су көп болса жағармайдың орнына қозғалыс құбырлары арқылы су тарап, көлігіңіз тоқтап қалады.

Саусақты «тақылдатса» не болады?

Көпшілігіміз осы әдетке орай «Саусағыңды «тақылдатпа» сары су жиналады, жаман болады» деген ескертулер алғанбыз. Бірақ бұл жалған. Бұл сөзді ешқандай да зерттеу дәлелдей алған жоқ. Тақылдаған дауыс буындар арасындағы ауаны қысып екінші орынға ауыстырған кезде шығады екен. Тағы бір 20 минуттан кейін жаңағы ауа қайта орнына келеді екен. Сол қимылды тағы қайталасаңыз тағы «тақылдайды».

Арақты қайнатса не болады?

Сакені ішетін адамға өртеген күйі ұсынады, арақты неге солай ішпеске дейтіндер бар. Өкінішке орай арақты өртеу  оны төгіп тастағанмен тең. Су 100 °C-да қайнайды, ал арақ 78,3 °C. Сондықтан өртенген арақтың дәмі өте дәмсіз суға айналады. Себебі құрамындағы спирт жанып кетеді.

Колаға сүт қосса не болады?

Сүтпен коланы аралстырса не болады деген сұрақ көпшілікті жиі мазалайды екен. Кола мен сүтті араластырса химиялық реакция болады. Сусындағы фосфор қышқылы  сүттегі ақуызбен реакцияға түседі. Нәтижесінде үшкальцийфосфат және сутегі пайда болады. Көрінісі мына суреттегідей болады.

Ұшақта телефонды сөндірмесе не болады?

2014 жылы Еуропалық әуекомпаниясы  ұялы байланыс ұшақтың ұшуына еш кедергі жасамайды деген болатын Кей компаниялар ұшу кезінде қоңырау шалуға рұқсат береді. Бірақ ұшақ көтерілетін кез бен қонатын кезде телефонды өшіріп тастаған дұрыс. Себебі құрылғылар төтенше жағдай туындап қалса жарақаттауы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Солтүстік Кореяда санкция салдарынан халықтың көңіл көтеруіне тыйым салынды

Түрмеге бірге түскен екі сотталушының бірі екіншісін зорлаған педофил болып шықты

Жаяу жүргінші 9-қабаттан құлаған әйелді қолымен қағып құтқарып қалды (видео)

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар