Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар “Ninety one” тобынан идея ұрлады деп айыпталды

“Ninety one” тобы құрылған күннен бастап сын естіді. Көпшілік топ жігіттерінің сахналық образдарын сынады. Тіпті, сырға тағып, шаш бояған жігіттерді кейбір қалалар кіргізбей қойды. Десе де уақыт өте келе топты жақтаушылар көбейді. Олардың қатарында өнер жұлдыздары да бар.

ернар айдар-270217

Мәселен, әнші Нұржан Қалжан “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында: “Елдің бәрі 91 тобын жамандап алып, өздері “Саған қалай айта алам” деп солардың әнін ыңылдап айтып жүр”, – деді. Ал Алтынай Жорабаева топ жігіттерінің талантты екенін мойындап отыр.

Ол аз десеңіз, жуырда Төреғали Төреәлі өзі сынаған топтың костюміне ұқсас киім кигені үшін сыналды. Ал енді жұрт әнші Ернар Айдарды бейнебаян желісінің идеясын ұрлады деп айыптауда.

Есте болса, жуырда Ернар “Қимастық” атты бейнеклипінің тұсауын кесті. Онда Ернар судың астында сүйіктісіне ұсыныс жасамақ болды.

maxresdefault

Дәл осындай көрініс Ninety one тобының “Қайтадан” атты бейнебаянында бар.

найынти уан суда

Жіберіп алмаңыз:

Әнші Асхат Тарғын енді оқу бітірген қызға үйленді (фото)

Қытайда Димаш бейнеленген киімдер мен ыдыстар сатылып жатыр

Димаш Құдайбергенов Францияға не үшін барды?

Димаш “I am singer” байқауында өзінің туындысын орындайтын болды

Талқылау