Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ермегияев сотталушылардың біріне құрылыс нысандарына мердігер болуға көмектескенін мойындады

Сотта түсінік берген Талғат Ермегияев сотталушылардың бірі Алпысбек Тілекметовқа құрылысқа мердігер болуға көмектескенін мойындады.

11546109

Сурет newskaz.ru

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сотталушылардың бірі – «Компания АДС» ЖШС құрылтайшысы Алпысбек Тілекметов кінәсін мойындаған еді. Ол 2014 жылы Ермегияевтің мақұлдауымен ЭКСПО аумағында жалпы сомасы 24 млрд теңге болатын құрылыс жұмыстарын орындауға кіріскенін мәлім етті. Оның сөзінше, Ермегияев жоғарыда аталған соманың 18% пара ретінде беру керегін белгілеген.

«Мен Тілекметовты танымайтынмын, алайда оның айтуынша біз жұмыс бабымен ҚТЖ-да кездесіппіз. Мүмкін. Оны растап немесе жоққа да шығара алмаймын. Алғаш рет Тілекметовты кабинетіме Тілемісов алып келді. Тілекметов компанияның құрылтайшысы екенін және компания жайлы аз-кем айтып берді. Мен комиссияның қарауына қоюға ұсыныс еттім ( «Компания АДС» ЖШС – ескерту), сонымен бірге шешімді акционер қабылдайтынын түсіндірдім», – деді Ермегияев.

Алайда өзге куәгерлердің берген түсініктерінің арқасында нысандар құрылысы үшін мердігерлерді таңдау процесі тек құжат жүзінде ғана болғанын, ал шешімді коллегиялық қараусыз-ақ Ермегияевтің өзі қабылдағаны белгілі болды.

Талқылау