Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Қарин “Қазақстан” корпорациясының басқарма төрағасы болып тағайындалды

Танымал қазақстандық саясаттанушы Ерлан Қарин “Қазақстан” телерадио корпорациясының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

fc7ef3b14f3a55bbc4a3994a5bdd5dcd-big

“Қазақстан” РТРК” АҚ Басқарма төрағасы қызметіне Ерлан Тынымбайұлы Қарин тағайындалды”, — деп хабарлады ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өзінің желідегі парақшасында.

“Бүгін мен “Қазақстан” ТРК АҚ ұжымына Ерлан Тынымбайұлын таныстырдым. Ол патриот, саясаттанушы, идеолог ретінде жақсы таныс. Оған еліміздегі ең ірі медиаресурсты басқару қызметі табыс етілді. Ерлан Тынымбайұлы корпорацияның деңгейін көтереді деп сенемін”, – деді министр.

“Былтырғы жылы Kazsport телеарнасы HD форматқа көшіріліп, өңірлік желілер күшейтілді. Мемлекеттік радиолардың қызмет сапасын жақсарту мақсатында “Ұлттық радио” ЖШС құрылды. Алдыда бірнеше маңызды міндеттер тұр. Отандық контентті жақсартып, түрлі телеөнімдер, ток-шоу, сараптама, танымдық, тарихи, мәдени жобалар шығару керек”, – деді өз сөзінде Абаев.

Ерлан Тынымбайұлы Қарин 1976 жылы 26 мамырда туған. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмамдаған.

Ерлан Қарин 2014 жылдан бастап Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтын басқарған. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰу философия және саясаттану факультетінің аспирантурасын бітірді. Саяси ғылымдар кандидаты.

Бұған дейін корпорацияны Кемелбек Ойшыбаев басқарған. Ол небәрі төрт ай ғана басшылық қызметте отырды.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда ұрылар банкоматты темірмен тесіп 960 мың теңгені қолды қылды

Теріс діни ағымнан қайтқан 52 жастағы шымкенттік азаматтың оқиғасы

Алматының әскери қызметкері қос бүлдіршінді өлімнен құтқарып қалды

Әкімнің 26 жастағы ұлы Қарағанды әкімінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды

Талқылау