Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Қарин Джеки Чанды Қазақстанға шақыруға қанша қаражат кеткенін айтты

“Қазақстан” телерадио кешенінің басқарма төрағасы Ерлан Қарин Instagram желісінде Джеки Чанның Астанаға келуіне қазақстандық тарап қанша қаражат жұмсағанын айтып берді.

джеки_чан5

 

Танымал актер Джеки Чан Қытай киносы апталығын ашу үшін Астанаға келді.

“Бір апта бұрын ол алғаш рет Қазақстанға келді, жолымыз болып, сұхбат алдық, негізінде ол Қытай киносы фестивалінің ашылуына ғана қатысуы тиіс болатын, алайда сөзімізді жерге тастамай, аз уақыт ішінде баспасөз мәслихатын өткізіп, бағдарламаға түсіп үлгерді, бәрі аяқ астынан, күтпеген жерден болды”, — делінген жарияланған мәтінде.

Қазақстандық тараптың шығынына келсек, Қариннің айтуынша, әлемге әйгілі актердің Қазақстанға келуіне ешқандай қаражат жұмсалмапты, тек ЭКСПО-ға билет пен кәдесыйлар сатып әперген көрінеді.

Джеки Чан өз ұшағымен келді, қалада кәдімгі минивэнмен жүрді.

“Одан да таңғаларлық жайт, оның Астанаға ұшып келуі бізге ешқандай шығын келтірген жоқ! Ол достарымен бірге жеке ұшағымен ұшып келді, ешқандай гонорар төленбеді, өзі райдер де ұсынбады. Тіпті люкс көліктен бас тартып, достарымен қаланы аралау үшін қарапайым минивэн сұрады. Жергілікті елордалық мейрамхана иелері кумирлерін қуана қарсы алып, кешкі ас үшін есеп сұрамады. Қазақстанда бірнеше күн болады деп жоспарланған еді, алайда уақыт тығыз болғандықтан жарты күн ғана болды”, — деп жазды Қарин. Қариннің айтуынша, Қазақстан Джеки Чанға қатты ұнапты, ол ортақ жобаларда бірігіп жұмыс істеу үшін Қазақстанға ұзағырақ мерзімге келуге уәде берді. Голливуд актері Нұрлан Қоянбаевтың “Түнгі студияда” бағдарламасына да қатысқан.

Еске сала кетейік, әлемдік актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер, сценарист, композитор, миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған аңыз адам – Джеки Чан 7 маусымда Астанаға алғаш рет келді. Шараның басты ұйымдастырушылары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы.

Тағы да оқыңыз:

Димаш Джеки Чанның актер болу туралы ұсынысына жауап берді (видео)

Джеки Чан қазақ әншіге бірге суретке түсуге өзі ұсыныс жасаған

Джеки Чан Астанада қазақ баласының тұсауын кесті (видео)

Талқылау