Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркенің “хит” әнін ағылшыншаға аударып алған танымал продюсер жұртты таңдай қақтырды (видео)

Күні кеше Ерке Есмаханның су жаңа “Қайда?” атты клипі Қазақстанда бұрын соңды болмаған рекорд орнатты. Әншінің бейнебаянын небәрі 5 күнде миллион жан тамашалады. Бұған дейін мұндай көрсеткішке еліміздегі бірде бір “хитмен” қол жеткізбеген.

есмахан ерке тимур балымбетов 160617

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұл ретте клип идеясының авторы, “Гәкку” телеарнасының бас продюсері Тимур Балымбетов Еркені құттықтап, тарту ретінде оның әнін ағылшыншаға аударып айтып берді.

Желідегілер продюсердің өнеріне тәнті болды.

“Супер талантты адам, оған тағы да бір рет көзім жетті”, “Сіздің нұсқаңыз түпнұсқадан да жақсы шығыпты”, “Керемет”, – деп тамсанды желі оқырмандары.

Айта кетейік, “Қайда?” – Еркенің продюсерден бөлек кеткеннен кейін жарыққа шығарған алғашқы бейнебаяны. Ән Диана Исмаилова есімді жас сазгерге тиесілі. Естеріңізде болса, бұл әнді Диананың 9-сыныпта оқып жүрген кезде жазғанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

“Бояусыз түрім онша емес” деп жар салған Байырбекова жұрттан ұрыс естіп қалды

Мөлдір Әуелбекова алғаш рет ұлының бет-жүзін көрсетті

Джеки Чан «Доспехи Бога» фильмін Қазақстанда түсіргісі келгенін айтты

Димаш жаңа саундтрек жазып жатыр (видео)

Талқылау