Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмаханның болашақ жарына арнаған әнін 9-сынып оқушысы жазған (видео)

Бірнеше күн бұрын әнші Ерке Есмахан тыңдармандарын “Қайда?” атты бейнебаянымен қуантты. Су жаңа клип жанкүйерлердің жүрегіне жол тапты. Олай деуімізге бір себеп – желіні “жарған” бейнебаянды небәрі 3 күнде 600 мың адам тамашалап үлгерген.

19050863_1910771725876901_7893026223524151296_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Қайда?” – Еркенің продюсерден еншісін алып, бөлек шыққаннан кейін түсірген алғашқы бейнебаяны еді.

Тырнақалды туындысының сәтті шыққанына қуанған Ерке оның жарық көруіне атсалысқан жандардың барлығына алғыс айтты.

Сөз арасында әннің авторларына ерекше тоқталды. Әдеттегідей ән мәтіні Еркенің “жекеменшік” авторына айналған ақын досы – Қайнар Алагөзовке тиесілі екен. Ал әуені Диана Исмаилова есімді бойжеткендікі.

Көзі қарақты көрермен Диананы “Қазақстан дауысы” жобасы арқылы таниды. Алайда таңғаларлығы, бір-ақ күнде хитке айналған әнді Диана 9-сыныпта оқып жүрген кезінде жазған екен.

18011996_123469481533957_2347520276637417472_n

Жіберіп алмаңыз:

Бибігүл Төлегенова: Құдайға шүкір, су тасып, қолмен кір жуған күндерім де болды

Қазақстандық әртістер құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды (фото, видео)

Бұрынғы екі күйеуіне зәулім үйлерін қалдырып кеткен Шахизаданың өзі қайда тұрып жатыр? (фото)

Әнші Әдемі итальяндық жігітін тастап, түркиялық кәсіпкермен көңіл қосты

Талқылау