Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмаханмен дуэт орындаған продюсер жұртты әдемі даусымен таңқалдырды (видео)

Ерке Есмаханмен дуэт орындаған продюсер желідегілерді тамсандырды. Әншінің өзі де оның талантына тәнті болғанын айтып жатыр.

19932208_1565578806817844_3124991227880013824_n

Фото: Ерке Есмаханның жеке архивінен

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Ерке Есмахан жаңа бейнебаянына қатысты байқау жариялап, жеңімпазды анықтап та үлгерді. Аталған байқау барысында әншінің әніне пародия жасағандар көп болды. Енді, міне, танымал продюсер Тимур Балу да “Қайда” әнін орындап жұртты ерекше даусымен тамсандырды.

“Бейнебаянның шыққанына бір ай болды. Осының құрметіне жанды дауыста ән орындауды жөн көрдік. Балу ағай “Сарбаздардан қалмаймын” дейді. Ол кісі өзінің әнін, мен өзгенің әнін айтып тұрғандай күйдемін!” дейді Ерке Есмахан.

Дуэттің сәтті шыққанын желідегілер де жарыса жазып жатты. “Ерке сен керемет жансың! Сені қатты жақсы көремін!”, “Дауыстарыңыз бір-бірлеріңізге сай келеді екен! Өте әдемі дуэт шығыпты”, “Ерке, әніңіз өте керемет”, “Ерке тәте, әрдайым биіктен көріне беріңіз. Біз сізді жақсы көреміз”, “Байы жақсы айтыпты”, “Өзі жылына бір өлең айтады. Соның мың рет қайталап көрсетеді. Өзге әншілер секілді айына 5 өлең жазсаң, сені ғана көріп отырады екенбіз ғой?!”, “Екеуіңіздің де дауыстарыңыз керемет” деп жазады желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Әлемдегі танымал басылым қазақстандық данышпанның партитурасын шығарды

Қайрат Нұртас: Мені шетелдіктер де таниды. Сол үшін бай болып көрінуге тырысамын

Бекболат Тілеуханов: Лауазымды қызметті бақыт деп санайтындар бар

Қазақстандық жұлдыздар марқұм Шалқар Үркімбаевтың науқас ұлына ақша жинауға шақырды

Талқылау