Ерке Есмаханға астаналық жігіті отбасын құруға ұсыныс білдірген

Сейсенбі, 18 Шілде , 2017 12:47

Ерке Есмахан “Жігіт ұсыныс жасаса, бас тартпас едім” деп отыр. Бірақ, өзгені ұзату туралы емес, өзінің ұзатылғысы келетіні туралы айтады. Нақтырақ айтсақ, Ерке Есмахан “Қайда” деп әндетіп жүріп өзінің сүйіктісін кездестіріп үлгерген екен.

19534640_1508617442492568_2352169162123509760_n

Сурет: Ерке Есмаханның жеке парақшасынан

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Ұзын құлаққа сенсек, Ерке Есмаханның сүйіктісі Астана қаласында тұрады. Тіпті, жастар той туралы ақылдасып үлгерген екен. Десе де, әнші екінші тойында киер киімін әлі таңдамаған сыңайлы.

“Негізі екінші рет тұрмысқа шыққан кезде сәукеле киемін бе, кимеймін бе білмеймін. Өйткені, бірінші рет тұрмысқа шыққанымда түрлі көйлек киген болатынмын. Оның қандай ыңғайыссыз екенін жақсы білемін. Екінші рет тұрмысқа шыққанымда барлық жылтырақты тағу деген секілді болмайтын шығар. Өйткені, көйлек пен сәукеледе тұрған ештеңе жоқ. Ең бастысы, адам бақытты болса болғаны. Әзірге тойым мен ұзатуымның қалай өтетінін елестетіп үлгерген жоқпын. Бірақ, Әсем Нұрсейітова әдемі сәукеле жасап берсе, неге кимеске?” – дейді Ерке Есмахан.

Сәнгер Әсем Нұрсейітова құрбысына арнап бір емес, бірнеше сәукеле әзірлеп беруге дайын екенін айтты.

“Еркенің өзінің ерекше талғамы бар. “Ерке, саған осы жарасады” деп айтқанмен, оған ұнамауы мүмкін. Сол себепті, Еркенің өзімен сөйлесіп, ақылдасып шешу керек. Өлең айтып тұрған кезінде Еркені аққуға ұқсатамын. Осыған орай, оған ақ түсті, қымбат тастар қолданылған, сапасы жоғары, әдемі сәукеле жасап беретін едім”, – дейді сәнгер.


Жіберіп алмаңыз:

Талғат Жорабев ер адамдардың келіншектері босанғанда серіктес болуына қарсы шықты

Зарина Омарова артық салмақтан арылу туралы кітап жазып жатыр

Айгүл Иманбаева да өзі туралы кітап шығармақ

Айару Бақытбек: Мені үйсіз адамдар емес, иттер көбірек алаңдатады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар