Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зарина Омарова артық салмақтан арылу туралы кітап жазып жатыр

Жарты жылда 20 килограммға жуық салмақ тастаған әнші өзінің тәжірибесімен кітап арқылы бөліспек ниетте.

19379299_304170496691764_627789773313933312_n

Сурет: Зарина Омарованың жеке парақшасынан

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Зарина Омарова да өзге әріптестері секілді кітап жазып шығармақ. Алайда әнші өзі туралы емес, артық салмақтан арылу жолдары туралы жазбақ.

“Артық салмақтан арылу өте қиын. Оны сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Әйел адам өзіне деген сенімді жоғалтқан кезде, ол үшін барлығы бітеді. Сол себепті, ең бастысы, “мен оны жасай аламын, барлығы қолымнан келеді” деген сенімі болуы қажет. Менің кітабым жас қыздарға арналмақ. Бала босанған соң үйде отырып артық салмақ жинап алған қыздар маған инстаграм желісіне жазады. Соларға кішкене көмегім тиіп жатса, қуанып қалар едім. Кітабым қымбат тұрады деп айта алмаймын. Себебі, ол бәрі үшін қолжетімді болуы тиіс, оны барлығы оқуы керек. Оның үстіне бұл жердегі ең басты мақсат – ақша табу емес, жұртқа көмегіңді тигізу. Шамамен, құны 2 000 теңге болатын шығар”, – дейді Зарина Омарова.


Жіберіп алмаңыз:

Айгүл Иманбаева да өзі туралы кітап шығармақ

Айару Бақытбек: Мені үйсіз адамдар емес, иттер көбірек алаңдатады

Айару Бақытбек: Менің анам да адам. Оған қолдау қажет

Қазақстандық актриса жүкті кезінде жалаңаштанып суретке түсті (фото)

Талқылау