Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан ұстазы Баян ұқсап кітап жазбақшы

Әнші Ерке Есмахан ұстазы Баян Есентаева ұқсап кітап жазуды жоспарлап жүргенін айтып, тыңдармандарын есеңгіретіп тастады.

ерке баян 060917-2

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Бәрі уақытша! Ұмытпаңыздар! Жақсы ниетте болыңыздар! “Еркенің ерке сөздері” деген нақыл сөздер кітабын шығарамын-ау осы!” – деп жазды Ерке желідегі парақшасында.

Ерке әншінің халыққа еркелеп, орфоэпия заңына сүйене отырып, сөздерді естілуіне қарай жазатын әдеті бар. Бұл үшін әнші талай сынға да қалған. Өз кезегінде желідегілер осыны себеп қылып, Еркенің кітап жазу идеясын сынап жатыр. Кей оқырмандар Еркенің бұрынғы ұстазы Баян Мақсатқызына еліктеп жүргенін айтты.

“Иә, қазір өз өмірі туралы кітап жазушылар көбейді ғой, қосылсайшы соларға. Басқа істер шаруаң жоқ. Сонда оған не жазбақ екен, той жайлы ма?” – деп пікір білдірді оқырманның бірі.

Screenshot_16

“Сенде нақыл сөз бар ма? Өзі тәлпішсің ғой. Аузыңа келгенді жазасың”, – деп қоштады екіншісі.

Screenshot_17

Ендігі бір оқырман Еркеге Баяннан үлгі алмауға кеңес берсе, тағы бірі танымалдылығының арқасында кітаптың өтімді болатынын айтып, идеясын қолдады.

Screenshot_18

Screenshot_19

Screenshot_20

Screenshot_21

Жіберіп алмаңыз:

Алпамыс Шәрімов: Әлем жұлдыздары дуэт айтуды ұсынды, бірақ Димаш ойлануда

“Ninety one” тобы: Хейтерлерден қорғану үшін шынайы өмірде қару қолданғанымыз рас (видео)

Жанды дауыста ән айта алмаған Төреғали мен Ерке елдің көңілін қалдырды (видео)

Лидо актер Санжар Мәдиевпен “жаға жыртысты” (видео)

Талқылау