Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алпамыс Шәрімов: Әлем жұлдыздары дуэт айтуды ұсынды, бірақ Димаш ойлануда

Әлем таныған Димаштың танымалдылығы күн санап артып келеді. Жуырда қазақ баласы тағы бір мәрте Голливуд жұлдыздарымен дастархандас болмақ. Әйгілі Ева Лангория ұйымдастырған қайырымдылық шарадағы құрметті қонақтардың тізімінде Құдайбергеновпен қатар Виктория Бекхэм де бой көрсетеді. Бұл жайында Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Димаштың менеджері ресми түрде хабарлайды.

димаш пен алпамыс

«Global Foundation қауымдастығы ұйымдастыратын аталмыш шара әлемнің әр түрлі қалаларында өтеді. Бұдан бұрын біз Париж және Канн қаласында қатысқан болатынбыз. Алдағы уақытта Димашты Хайкоу және Лондон қалаларында құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырды» – дейді әншінің менеджері Алпамыс Шаримов.

ДИМАШ ФОТО

«Global Foundation» шарасы жақсылыққа жаны құмар жұлдыздарды жинайтын ауқымды жоба. Аталмыш шараға әлемдік танымалдар да талай мәрте қолдау көрсеткен болатын.

«Бұл шараға Димаштан бөлек әлемнің көптеген жұлдыздары қатысады. Мәселен, осы уақытқа дейін Рики Мартин, футболдың жарық жұлдызы Раналдо, Ево Лангория сынды танымалдар бой көрсеткен. Ал, биылғы жылы Лондондағы іс-шарада Виктория Бекхэм қатысады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Димаш та бұл жолы өзінің өнерін көрсететін болады» – деп ауқымды шара жайлы әншінің менеджері.

ДИМАШ ВИКТОРИЯ

Сонымен қатар, Димаштың алдағы жоспарлары тығыз кестеге түзілген. Қазақ баласына әлемдік масштабтағы жобалармен қатар әйгілі әншілерден дуэт жазу жайлы ұсыныстар да түсіп жатқан көрінеді.

«Қанша танымал адамдардан ұсыныс түсіп жатыр. Жеке әншілердің өздері продюсерсіз Димашқа шығып, хабарласып, ниеттерін білдіріп жатыр. Көрші жатқан Ресей елінің танымал жұлдыздарынан түсті. Бір қызығы, Димаш әлі ойлану үстінде. Неге екені ол Димаштың өзіне ғана жұмбақ» – дейді әншінің алдағы жоспарларымен бөліскен менеджері.

Айта кетейік, дәл қазіргі таңда Димаштың командасы Құдайбергеновтің алғашқы альбомын жарыққа шығару жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ал, үнтаспаға қазақ, ағылшын және қытай тіліндегі тректер тоғыстырылмақ!

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

«Жетер енді»: Роза Әлқожа әншіні көрсе қуанып, сыртынан жамандайтындарға назын айтты

“Ninety one” тобы: Хейтерлерден қорғану үшін шынайы өмірде қару қолданғанымыз рас (видео)

Ерке Есмахан жас әншінің бейнебаянына түсемін деп сынға қалды (видео)

Айқынның өтірігі ашылып қалды

Талқылау