Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан өзі жүргізген тойда қалыңдық гүлін тосып алды

Ерке Есмахан өзі жүргізген тойда қалыңдықтың гүлін тосып алды. Бұл туралы әншінің өзі жария етті, деп хабарлайды Stan.kz.

ерке мен адил

Тойды Ерке Есмаханмен бірге белгілі актер Әділ Ахметов жүргізген. Салтанат соңында әдеттегідей қалыңдық өзінің гүлін құрбыларының арасында «таласқа» салады. Алайда гүл әнші Ерке Есмаханның қолына түседі.

«Кешегі, Әділ екеуміз жүргізген тойда “бір қызық” болды! Той дәстүрімен, келіншек “тұрмыс құрмаған құрбыларына” лақтырған “шоқ гүлдері” менің қолыма топ ете қалды. Құрбыларынан ұят болды! Той иелері мен қонақтары, мені құттықтап әмпәй-жәмпәй болдық.  Гүл қолда, мен дайын, енді қалғаны тек “күйеу жігіт”! Әділдің “букетке” дым қатысы жоқ!» – дейді Ерке.

Желідегілер әншіні құттықтап, тезірек екінші жартысын табуын тіледі.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандықтар Бақытбек Есентаевты босату туралы петицияға қол жинап жатыр

Димаш “I am singer” байқауында өзінің туындысын орындайтын болды

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Әнуар Нұрпейісовтен кешірім сұрады (видео)

Әнуар Нүрпейісов жұртты шулатқан хабарды таратқан порталды сотқа бермек

Талқылау