Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан: Күйе жағу мен жаладан тірі кезде құтылмаймын ба?

Ерке Есмахан желідегі оқырмандарына мұңын шақты. “Мінсіз адам жоқ” деп назданған Ерке сыртынан өсек айтып, аяқтан шалатын жандардың шаршатқанын жазған.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Назарларыңызға әншінің жазбасын сол күйінде ұсынамыз.

«Всем сәлем! Бақытты күндеріңіз қалай өтіп жатыр? Не ғо! Осы өмірде бөгде адамдардың тарапынан “әңгіме, өсек, көреалмаушылық, аяқтан шалу, өтірік айту, күйе жағу және екіжүзділік” дегеннің бітетін уақыты бола ма екен?! Әлде, тірі кезде құтылмаймыз ба? “Идеальный адам” жоқ қой! Бірақ, “жақсы сөз айта алмасаң, жаман сөз айтпай, үндемей-ақ қой”, – деген қағида бар! Неге ұмытамыз? Чарчатты!» – деп жазды Ерке.

Әдеттегідей Еркенің бұл жазбасы қызу талқыға түсті. 1000-ға жуық желі оқырмандары әртүрлі тілектерін білдіріп, әншіні жұбатып жатты.

«Бəрінен құтылуға болады, тек қаласаңыз болды. Сіз аққөңіл адамсыз, жұрт не айтпайды, мына заманда əркім өзіне қарасын. Шама жок біреуге күлуге . Тек жақсылық ойлайық», – деп ақжарма тілегін жолдады Маржан есімді тыңдарман.

«Жанар Дұғалова ұқсап «Айта берсін, айта берсін жұрт» деп жүре беріңіз», – деді Шынар есімді желі оқырманы.

Жіберіп алмаңыз:

Аружан Жазылбекова қытай киносына түсіп жатыр

Психоаналитик: Бір кездері Сталин мен Гитлер де Димаш сияқты танылған еді

“Дипломсыз актер” атанған Дәстен Шәкіров режиссерлікке бет бұрды

Асылхан Төлепов қарттар үйінің ауласын сыпырып, ардагерлердің батасын алды

Талқылау