Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асылхан Төлепов қарттар үйінің ауласын сыпырып, ардагерлердің батасын алды

Төмендегі суретке қарап халық қалаулыларының бәрі дәл осындай болса деген арман оянады. Жұмсақ орынға жайғасқан депутаттардың қалыпты бейнесіне, Асылхан Төлепов бұл жолы өзгеріс енгізгісі келгендей.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

Алматы қалалық мәслихатының жас депутаты бұл жолы Орал шаһарында. Батыс өңіріндегі қайырымдылық шараға арнайы ат басын бұрған Асылхан, «Ардагерлерді ардайық» жобасының аясында қарттардың хал-жағдайын біліп, тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысуға келіпті.

Ардагердің ауласын сыпырып, алғысына бөленген Төлепов, кездесу барысында тағылымға толы тарихқа сапар шеккендерін айтады. Мәселен, кейуана мекен еткен бұл баспана талай жылдар бойы білім ошағы болған екен.

«Кезінде үлкен медресе болған үй екен. Апамыздың ата-анасы жүзден асып өмірден өткен үлкен имамдар болған. Шәкірттер тәрбиелеген екен. Апамыз осы жерді қимаймын. Қандай үй ұсынса да ешқайда көшкім келмейді деп өзінің тарихын айтып берді», – дейді Асылхан Төлепов.

Игі шаралардың басы-қасында жиі жүретін жұлдыздардың бірі – Гүлнұр Оразымбетова. Тығыз кестесінен уақыт тапқан әнші, бұл жолы балалар үйіне бас сұқты. Өзі де 10 балалы отбасында өскен өнер иесінің мақсаты, жетім жеткіншектердің жүрегіне жылу ұялату…

«Жылағымыз келіп отырса да жылай алмаймыз. Онсызда жүректері жаралы балаларға позитивті әңгіме, әдемі ән, әдемі би, сондай бір көңіл-күймен және әр айтылған әңгіменің барысында армандар алға жетелейді, балаларға дұрыс бағыт беруге тырысамыз», – дейді Гүлнұр Оразымбетова.

Жіберіп алмаңыз:

Спорттық эстафета бастаған Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды (видео)

Ажырасу мен айықпас дерт: Танымалдығын арттыру үшін «жұлдыздар» тағдырын өздері жазып әлек

Аша Матай атышулы 91 тобымен болған даудың нүктесін қойды

Жанар Дұғалова тұрмысқа шыға ма? (фото)

Талқылау