Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Спорттық эстафета бастаған Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды (видео)

Жаңашылдыққа жаны құмар – Сәкен Майғазиев бұл жолы спорттық челленджбен еректенді. Әуел баста өнердегі үзеңгілестеріне жолдаған әншінің эстафетасын, бүгінде кішкентай балалар да іліп әкеткенді. Енді, сол бүлдіршіндер шу шығарып, Сәкен мырзаға айыптарын жаудырды.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

Эстафетаны бастағанда Сәкен мырза әлдебір тартумен қатысушыларды мотивацияламаған еді. Дегенмен, сүйікті әншісінің инстаграм парақшасынан көрінудің өзі көпшілікке зор ынта сыйлады.

«Ата-аналар назын білдіріп жатыр. Балаларымыз өкпелеп жатыр, Сәкен ағамызға ұнамай қалды ма жасағанымыз. Неге парақшасына салмайды деп. Бәрін бір күнде салып, оқырмандарымды қорқытып алғым келмейді»,- дейді Сәкен Майғазиев.

Бұлай реніш білдіргендерден әнші аздап шыдамдылық танытуды сұрайды. Себебі, Сәкен эстафета хештегімен жарияланған видеолардың ешбірін назардан тыс қалдырмақ емес. Әлеуметтік желіні игі бастамалар үшін пайдалану! Сәкен серінің көздегені осы ғана.

«Кішкентай бала шлагбаумға тартылып тұр екен. Ауласында кәдімгі турнирі жоқ, спорттық ойын алаңқайы жоқ бала екені көрініп тұр. Қай ауданға қарасты бала екен. Соның әкімдігіне сұраныс, спорттық алаңқайлар жасасаңыздар екен деп азаматтық позициямды білдіріп үлгеріп жатырмын», – дейді Майғазиев.

#Repost @mmeirambekkyzy (@get_repost) ・・・ 💪👍#sakenestafeta @saken_maigaziyev

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Жіберіп алмаңыз:

Гүлназ Жоланова әріптесімен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты

Ажырасу мен айықпас дерт: Танымалдығын арттыру үшін «жұлдыздар» тағдырын өздері жазып әлек

“Айырылыстық” деп жар салған Дәурен мен Ақбота ұсталып қалды

Әли Оқапов пәтеріне ескертусіз келе беретін анасына ренжіп жүр

Талқылау