Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан екі ғашықты “ұрыстырып қойды” (видео)

Әйгілі әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында қызықты видео жариялап, оқырмандарын күлкіге қарық қылды. Бейнесюжет желісі бойынша, бірін бірі сүйетін екі жас Ерке Есмахан үшін ренжісіп қалады, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Ерке Есмахан екі ғашықты "ұрыстырып қойды" (видео)

Кейіпкер қыз сүйген жігітінен Ерке Есмаханның өзі ұсынған жағдайда, онымен кездесуге баратын не бармайтынын білмекші болады. Жігіт сүйіктісі болғандықтан, бас тартатынын айтады. Алайда қыздың келесі сұрағы оны басқа ойға жетелейді:

– Егер, Ерке Есмаханның өзі кездесуге ұсыныс жасаса, кездесесің бе?
– Әрине, жоқ. Өйткені менде сендей керемет қызым бар.

– Мені мүлдем танымайсың, мені жоқ деп есептеші.
– Туу, Айдана қойшы, мен сені жақсы көремін.

– Дамир, айта салшы. Екеуміз мүлдем таныс емеспіз.
– Мүлдем таныс емеспіз?! Мен сені көрмедім, білмеймін?

– Иә.
– Олай болса, кездесетін едім.

– М-м… Түсінікті
– Не болды?

– Ештеңе болған жоқ.
– Жаным?

– Жаным деме маған, Ерке Есмаханның өзіне барып айт.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Қайтейін, қайтейін?!😂

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Желі қолданушылары бейне-роликтің қызықты шыққанын айтып, “Ерке, біреудің жігітін тартып алуды қойсай”, – деп әзілдеді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау