Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерекше құбылыс: Жұбановтың «Қарлығаш» әні орындалғанда Стадион үстінде құстар қалықтап кетпей тұрды

«Туған жер» республикалық форумы аясында Орталық стадионда үлкен гала-концерт өтті. Опера әншісі Венера Алпысбаева Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» әнін орындаған сәтте Ақтөбе аспанында ерекше құбылыс байқалды.

Форумға қатысушылар ғажап көріністі ұялы телефондарына түсіріп алып жатты, деп хабарлайды Тілші.

«Қарлығаш» əні екі жүз адам адамнан құралған хормен қосылып шырқалған сәтте Орталық стадионның үстін айнала құстар қалықтап жүрді. Композиция шамамен бес минутқа созылды. Ән аяқталысымен олар да концерт болып жатқан алаңнан алыстап кетті.

Бұл жайтты Абай атындағы опера және балет театрының артисі Венера Алпысбаеваның өзі де байқапты.

«Әдемі көрініс. Өзім де таңқалдым», — деді әнші.

Тағы да оқыңыз:

Атыраулық жезөкшелер: Бізді қинап осы жолға салған жеңгетайымыз “өлтіріп кетем” деп қорқытып отыр

Алматыда түн ішінде пәтерге басып кіріп пышақпен қорқытатын ұрылар ұсталды

Ақтөбенің қыздары тәш-тәш-тәш: Желіде хит болған әннің жаңаша түрі пайда болды (видео)

Талқылау