Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адамның аузында пайда болған ісік үлкендігі адамның басындай болып өсіп кеткен

Филиппинде құрылысшының аузындағы ісік адамның басымен бірдей болып үлкейіп кеткен.

Ер адамның аузында пайда болған ісік үлкендігі адамның басындай болып өсіп кеткен

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

30 жастағы Леонардо Мористің пікірінше, мұндай ісіктің пайда болуына жасөспірім кезінде баскетбол ойнап жүріп алған жарақаты себеп болған. Сол жағдайдан кейін жағы ауырып, ісіне бастапты.

«Қашан басылады екен деп күтіп жүрдім. Алайда ісік өсе берді», – дейді ол.

Ер адамның аузында пайда болған ісік үлкендігі адамның басындай болып өсіп кеткен

Одан кейін жас жігіттің тісі қақсағандай болып, бірнеше күн ацырған. Морис 23 жаста болғанда оның астыңғы жағында амелобластома пайда болыпты. Ол уақыт өте келе өсіп, ер адамның тамақтануына кедергі келтіре бастайды. Ендігі Морис тек сорпа, жеміс шырыны мен су ішіп жүр.

Ер адамның аузында пайда болған ісік үлкендігі адамның басындай болып өсіп кеткен

Құрылысшы күніне бірнеше фунт стерлинг (5000 теңгеден аз) ақша табады. Сондықтан оның амелиобластоманы алдырып тастауға ақшасы жоқ. Ота жасату үшін шамамен 5 мың фунт стерлинг (2 млн 300 мың теңгеден аса) қажет көрінеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау