Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам контейнерден үй салып, 30 градус аязда да сонда қыстап шықты (фото)

Бүгінгі күні контейнерлерден жасалған үйлермен ешкімді таңғалдыра алмайсың. Себебі, олардан тіпті қонақ үй де салып жатқандар бар. Мұндай нысандарды әдетте бөлмені жылытудың қажеті жоқ жылы елдерде кездестіруге болады. Бірақ 32 жастағы Джозеф Дюпуи заңдылықты бұзып, өз отаны Канадада контейнерлерден үй тұрғызды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ер адам контейнерден үй салып, тіпті қақаған аязда да сонда қыстап шықты

Ер адам тіпті, қақаған қыста минус 30 градустан асатын аязда да контейнерден жасалған үйінде тұратынын айтты.

Ер адам контейнерден үй салып, тіпті қақаған аязда да сонда қыстап шықты

Джозеф әрқайсысы үш мың доллар тұратын үш жүк контейнерін сатып алып, орманда шағын үй тұрғызды. Ол бұл үйді белгілі бір мақсатмен салған екен.

Ер адам контейнерден үй салып, тіпті қақаған аязда да сонда қыстап шықтыӨйткені, канадалық жігіт таусылмайтын энергия туралы ғылыми жұмыс жазып жүр. Сондықтан ол күн батареялары үйді жылыту үшін жеткілікті қуат шығара ала ма, соны өзі тексеріп көрмекші болды. Оның тәжірибесіне сүйенсек, күн батареялары үйді жылыту үшін жеткілікті қуат шығара алады екен.

Ер адам контейнерден үй салып, тіпті қақаған аязда да сонда қыстап шықты

Ер адам контейнерден жасалған үйіне шатырдағы күн батареяларына қосылған арнайы жылыту және салқындату жүйесін орнатты. Жазда контейнерлер табадағы жұмыртқа секілді қызып кететін көрінеді. Оның айтуынша, ол қысты өзінің жаңа үйінде қарсы алған. Тіпті, сынап бағанасы 30 градустан төмен түссе де Джозеф өзін жайлы сезінген.

Ер адам контейнерден үй салып, тіпті қақаған аязда да сонда қыстап шықты

Ол үйді жабдықтау үшін шамамен бір айға жуық, тәулігіне 14 сағаттан жұмыс істеді. Бірақ қазір үйдің ішіне қарап, оны қолмен жиналған баспана деп ешкім айта алмайды.

Ер адам контейнерден үй салып, тіпті қақаған аязда да сонда қыстап шықты

Дюпуи жаңа үйіне жылытылған едендер мен пеш орнатып, енді қабырғаны бояуды жоспарлап отыр. Тапқыр жігіт жылыту үшін де ақы төлеудің қажеті жоқ деп қуануда.

Ер адам контейнерден үй салып, тіпті қақаған аязда да сонда қыстап шықты

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау