Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енемнің аяғына жығылдым": Мөлдір Әуелбекова бірінші жолдасының анасы туралы айтты

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шыққан жылдардағы қиын күндерін “Мамский әңгіме” подкастында айтып берді. 

Фото: Өнер иесінің жеке парақшасынан алынды

Бірінші жолдасымен ажырасуына енесінің де ықпалы болғанын жасырмады. 

“30 жасқа жетіп, тұрмысқа шықтым. Айналам мен қоғамнан қысым көргенім жасырын емес. “Бала туып алуың керек, ағзаң қартайып кетеді” деп айта беретін. Менің асығыс тұрмысқа шығуыма  "Қашан тұрмысқа шығасың, уақыт өтіп барады, отырып қалдың" деген сұрақтан қашуым себеп болды. Баламның әкесімен біраз уақыт сөйлесіп, кездесіп жүрдік. Бірақ соңғы сәтте мен ол кісіге "Біздің арамызда ештеңе болмайды, осымен қоя салайық" деп айтқанмын. Ол айтқанынан қайтпай, ертеңіне үйленуге ұсыныс жасап, алдыма келді. Сонымен тұрмысқа шықтым”, – деп бастады әңгімесін әнші. 



Алайда өнер иесінің жолдасы өзіне ештеңе ескертпестен, алдап, төркініне апарып тастаған. Күйеуінің ондай қадамына енесімен арадағы әңгіме себеп болған көрінеді. 

"Енем екеуміз сөзге келе беретінбіз. Ол кісі мені қабылдай алмады. Соңғы болған жағдайды айтайын. Бір күні енеммен ашық сөйлестім. "Мені қабылдайтын уақытыңыз келді ғой" деп, тіпті аяғына жығылдым. Ол кісі түсінгендей кейіп танытқан. Барлық проблема шешілді ғой деп ойлап жүргенде Көкшетаудан баламның әкесі хабарласты. "Мен Алматыға іссапармен бара жатырмын, сен үлкендеу чемоданыңа киім-кешегіңді салып, дайын отыр. Төркініңде бір аптадай демаласың" деді. Әлгі жерде қуанып, әке-шешеме қыдырып барамын деп ерекше дайындалып, бес айлық баламды қолыма алып, жолға шықтық. Баламның әкесі жол бойы маған жылы сөйлеп, барлығы үшін рақметін айтып, ерекше көңіл-күймен апарды. Ал үйге барғанда мінезі бірден өзгеріп, басқаша қылық көрсетті. Әкеме "Мынау қыздарыңыз менің анамды сыйламайды" деп төбемнен дәу қара тасты тастап жібергендей болды. Бағанадан бері маған жылы сөзін айтып, күліп-ойнап келе жатқан адамның бұлай құбылып кеткенінен шок алдым. Әкем "Отыр, сөйлесейік, балам" деп еді, сөзге көнбеді. Сөйтіп әкемнің бетіне есікті тарс жауып, шығып кетті. Сонымен бәрі бітті. Бір аптадан кейін, хабарласып, “Менің анам барады, әке-шешең жақсылап күтіп алсын, ұқтың ба?” деді. Дауыс көтергеніне ренжіп, үйге кіргізбедім. Мүлдем күткен жоқпыз. Баланы көрсетпеді деп мені кінәлапты. Балаңды көресің, бірақ әкемнің шаңырағына келмейсің" дедім”, – деп әнші басынан өткен ауыр күндерін есіне алды. 

Айта кетейік, өнер иесі екінші жолдасының төртінші әйелі болып тұрмысқа шыққанын білмегенін жазған едік. 

Талқылау