Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді банкке қарыз талаптарын өзгертуге өтініш жасауға болады

Енді қазақстандықтар банктерге қарыз талаптарын өзгертуге өтініш жасай алады. ҚР Ұлттық банкі «ҚР кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» банк басқармасының қаулысын қабылдады.

Енді банктік қарыз шартына мерзімі өткен күн басталған күннен бастап 30 күн ішінде банкке банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы өтінішпен, бұл өтінішті алған күннен бастап 15 күн ішінде ұсынылған өзгерістерді қарау міндеті туралы, жеке тұлға қарыз алушының құқығы туралы талаптарды міндетті қосуды көздейді.

«Банктік қарыз шартында банктің шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға берген кезде ҚР заңнамасында кредитордың қарыз алушымен шарт шеңберінде өзара қарым-қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің қарыз алушының үшінші тұлғамен құқықтық қарым-қатынастарына қатысты қолданылатыны туралы талап болуға тиіс», – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Қаулының осы ережелері 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Сонымен қатар, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жасалған банктік қарыз шарттарына қолданылады.

Қаулыда банктік қарыз шарты немесе микрокредитті беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) берген кезде сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшерін қайта есептеу міндетінің үшінші тұлғаға жүктелетіні белгіленген.

Тағы оқыңыз:

Қазақстандықтардың базалық зейнетақысы қаншаға өседі?

Жұмысынан айырылғандарға берілетін өтемақы мөлшері өсуі мүмкін

Елімізде мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алу үшін қанша қаржы қажет

 

Талқылау