Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еңбек  министрлігі ең төменгі жалақыны көбейтуді қолға алды

Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Даленов халықтың табысын көтеруге арналған кешенді жұмыс жайлы айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның айтуынша, үш бағыт қарастырылған. Біріншісі, ең төменгі жалақыны көтеру.

«Бүгінші күні ең төменгі жалақы – 28 мың теңге. Төменгі жалақыны бірнеше пайызға, 1,5 есеге көтеру қарастырылуда. Бұл министрлікте қарастырылып жатыр», – деді Даленов.

Екінші бағыт, іскерлік белсенділік. Айтуынша, бизнесі табысты болған сайын, кәсіпкер жұмысшыларына көп жалақы төлейді. Үшінші бағыт, көлеңкелі экономикамен күрес.

«Банк карточкасымен көмегімен жасалған айналымға салықты төмендетуге дейінгі түрлі шараларды қарастырамыз. Адам карточкамен төлем жасағаны үшін салықтық бонустар енгізуді де қарастырып отырмыз. Аталған бонустармен ол көлік, мүлік салықтарын төлей алады. Көптеген кәсіпорындар көлеңкеге кетіп жатады. Өйткені, айналым үлкен болғанда олар қосылған құн салығын төлеуші болады. Ал ол айналым қосымша 12 пайызды құрайды», – деді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау