Елуге келсе де 20 жастағы қыздай жас көрінетін әйел жұртты таң қалдырды

Қытайдың Синьян қаласының 50 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіні шулатты. Жүздің жартысын жасаған Лю Елин 20 жастағы қыздай жас көрінеді. Үнемі спортпен шұғылданатын қытайлық әйел, тіпті қыстың суығында да суға шомылатын киіммен Байкал көліне түскен.

Ол отыз жыл бойы кез келген мезгілде суға түсіп, шомылып тұрады екен. Бұл туралы  Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Таяуда Лю Байкал көлінің мұз айдында купальник киіп суретке түсті. Ол – 40 температурада суға түсетін киіммен жүруге мүлдем жүрексінбеген. Аязда тек купальникпен жүрген әйел осы киіммен әлемнің барлық бұрыштарында түсірілімге түседі.

Байкалға барған әйел болашақта Ресей президенді Владимир Путинмен бірге қысқы жүзу жарысын ұйымдастыруды армандап жүргенін айтты.

«Байкал көлінде жаз айында 20 шақырымға дейін жүзе аламын, ал қыста кем дегенде 5 минут салқын суда жүземін. Енді Ресей басшысымен қысқы жүзу жарысын өткізгім келеді. Ол менің ұсынысымды қабыл алады деп үміттенемін»,-дейді әйел.

Ол әлеуметтік желіге суреттерін жариялағаннан кейін «ең жас көрінетін 50 жастағы әйел» деген атаққа ие болды.

Оның айтуынша, купальникпен жүру оған сенімділік береді. Ол елу жасқа келсе де саңылауға түсуден қорықпаған.

Ал оның 23 жастағы ұлының айтуынша, көпшілігі анасын әпкесі деп ойлап қалады.

Оқи отырыңыз:

Зейнеткер 104 жасқа толған туған күнінде «тезірек өлуді» тілеген

Балабақша тәрбиешілері ұйықтап жатқан балаларды көтеріп алып, еденге лақтырған

Өлім аузында жатқан қыз отаға ақша жинау үшін ғарышқа кетті

Саңырау әрі мылқау баласын 10 жыл бойы шынжырлап қойған ана: Менің басқа амалым болмады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар