Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада мейрамхана даяшысы клиенттердің банк картасының мәліметтерін жазып алып, ақша ұрлаған

Елордада мейрамханаға келушілердің банк картасынан ақша ұрлап жүрген күдікті ұсталды. Ол сол жерде даяшы болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елордада мейрамхана даяшысы клиенттердің банк картасының мәліметтерін жазып алып, ақша ұрлаған

Қаланың 4 тұрғыны полицияға жүгініп, банк картасынан ақша ұрланғанын айтқан. 

Жедел іздестіру шараларының барысында 22 жастағы жігіт ұсталды. Ол қаладағы мейрамханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істеп, клиент POS-терминалдың көмегімен төлем жүргізгенде оның банк картасының мәліметтерін жазып алып жүрген. Мұнан кейін мәліметтерді пайдаланып, интернет-банкинг арқылы ақша ұрлаған. 

«Күдікті өз әрекетін мойындады. ҚР ҚК 188-бабы 2-тармағына (Ақпарат жүйесіне заңсыз қол жеткізу арқылы ұрлық жасау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді полициядағылар. 

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіндегілер тұрғындарды банк картасы туралы мәліметтерді, құпия кодты, CVV-коды мен бір реттік құпия кодты ешкімге бермеу шақырды. Сонымен қатар POS-терминал арқылы төлем жүргізгенде мұқият болуға кеңес берді. 
 

Талқылау