Елордада аутизмге шалдыққан балаларды қолдау мақсатында қайырымдылық науқаны өтуде

Елордада Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай қайырымдылық науқаны өтілуде. Бұл туралы қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы «Болашақ» Корпоративтік қорына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бүгін аутизмге шалдықты деген елуден астам баланың ата-аналары, психолог-педагогикалық түзету кабинеттерінің (ППТК) өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың  қатысуымен ақпарат тарату науқанын өткізіп жатыр. Шара барысында халық аутизм мәселесі жайлы құлақдар болды. Сонымен қатар, ерекше күтімге зәру  балаларға бауырмалдық танытып, оларды қолдауға шақырды.

Әлем бойынша 67 000 000 адамның аутизммен өмір сүретінін бәрі біле бермейді. Әлемде әр 42-ші ұл және әр 189-шы қызда аутизм белгілері бар. Науқан шеңберінде балаларға арнап музыка мен шығармашылық аймақтары ұйымдастырылды.

Қайырымдылық шарасында «Ерекше мерекелер» қоғамдық ұйымының музыканттары өнер көрсетті. Мыңнан аса адам қатысқан науқанда 3000 ақпараттық флаерлар таратылды. Сондай-ақ, 1000 теңгеден жоғары қайырымдылық берген қонақтар ерекше дизайны мен суреттері бар сөмке алу мүмкіндігіне ие болды. Осы шарадан түскен қаражаттың барлығы «Болашақ» Корпоративтік қорының «Әр бала мектепке лайықты» жобасының жүзеге асырылуына жұмсалады.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде қайырымды кәсіпкер студенттерге арнап тегін кафе ашты

WhatsApp-та таралған видео: ОҚО-да сүйіскен қыздардың әрекеті ашық талқылануда

Алматыда келушілері жаппай уланған мейрамхана әлі күнге дейін қызмет көрсетуде

Атыраулық қыз “Мисс Қазақстан – 2018” атанды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар