Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің бас санитар дәрігері анасы басындағы битті кетіремін деп өлтіріп алған қызға қатысты пікір білдірді

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин Алматы облысында анасы басындағы битті кетіремін деп өлтіріп алған 3 жасар қызға қатысты пікір білдірді. Малға арналған дәрілік затты адамға қалай қолданғанын түсіне алмаймын, дейді ол, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Жандарбек Бекшин

Еліміздің бас санитар дәрігері 3 жасар қыздың анасы қолданған «Креолин» дәрісінің малға жабысқан кенелерді және басқа да паразиттерді дезинфекциялау үшін қолданылатынын түсіндірді.

«Бірақ оны адамға еш уақытта пайдалануға болмайды. Соған қарамастан, шешесінің білімсіздігінен бастарын жуған», – дейді Жандарбек Бекшин

Еске сала кетсек, Алматы облысы Талғар ауданынының Туғанбай ауылында анасы 2 жасар қызының басындағы битті терем деп қайғылы жағдайға тап болған еді. Анасы екі қызының басындағы битті кетіру үшін малға арналған дәріні қолданған. Оны суға ерітіп, қыздарының шашына жағады. Бұл дәрі кіші қызына қатты әсер етіп, жүрегін айнытады. Қызы құсып, әлсіреп, аузынан көбік аға бастайды. Анасы ауылдық емханаға апарған. Бірақ емханаға жеткенше қызы өліп кеткен. Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2013 жылғы үлкен қызының жағдайы жақсарып келеді. Ол жансақтау бөлімінен шығарылды. Қазір ем қабылдау үстінде.

Қазіргі уақытта бүлдіршіннің өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау