Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның барлық өңірінде алдағы үш күнге дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазГидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz.
ҚазГидромет мәліметінше, 19 наурызда Ақмола облысында жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болып, жел күшейеді. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Астанада 19 наурызда таңертең және күндіз қар, жаңбыр жауады. Көктайғақ болып, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні 25 м/с болады. Дауыл болу мүмкіндігі 90-95 пайыз.
Сонымен қатар метеоролготардың болжамы бойынша, 19-21 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында су қоймаларында су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында жауын-шашын, еріген қар суы өзен деңгейінің көтерілуіне әсер етуі мүмкін.
ШҚО-да 19-21 наурызда ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, жаңбыр жаууы мүмкін. Өз кезегінде ол мұздықтардың әлсіреп, судың өзен алқаптарына шығып кетуіне әсер етуі ықтимал.
Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында 19-21 наурыз аралығында су деңгейі көтеріліп, жайылмалы жерлерге су жайылуы мүмкін.
Алматы және Жамбыл облыстарында жауын-шашын өзен суының көтерілуіне алып келуі ықтимал.
Оқи отырыңыз:
ОҚО-дағы баланың ісіне қатысты: Сараптамаға халықаралық мамандар тартылады
Үйінен қашып, із-түзсіз жоғалып кеткен екі жасөспірім Алматы облысынан табылды
ШҚО-да киіміне ақша жапсырып алған жас жігіт көшеге шығып, жұртқа ақша таратты (фото)
Жаңаөзенде үйі өртеніп, баспанасыз қалған жалғызбасты ана көпшіліктен көмек сұрады

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
