ОҚО-дағы баланың ісіне қатысты: Сараптамаға халықаралық мамандар тартылады

ОҚО-дағы Абай ауылында бірнеше рет зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын айтқан жеті жасар бала  анасымен бірге Алматыға ұшып келеді. Астанадан келетін ана мен бала қаладағы «Аналар үйі» орталығының біріне орналастырылады.

«Аналар үйі» атқару комитетінің төрағасы Анар Рахымбаеваның сөзінше, жақын арада халықаралық сарапшыларды тарту арқылы сараптама жүргізіледі. Осы іске қатысты жүргізілетін сараптама баланың зорланған-зорланбағанын анықтайды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Барлық іс-әрекеттер Бас прокуратура өкілдерінің қатаң бақылауында болады. Тергеу мүддесі үшін қандай да бір мәліметтерді ашып айта алмаймын. Бұл іс заңмен  шешілуі керек. Қазір балаға қатысты оқиға туралы көптеген ақпараттар жариялануда. Бәріңізден тыныштық сақтап, жағдайды ушықтырмауларыңызды сұраймын», – дейді Рахымбаева жұртшылыққа жүгініп.

Сондай-ақ , ол баланың әжесі мен  әпкесінің де  Алматыға жіберілетінін айтып, қазір дағдарыс орталығының қауіпсіздік қызметі күшейтілді дейді.

Ал баланың заңгері Құрманғазы Мүсірдің айтуынша, 19 наурыз Алматыға барар алдында қылмыстық іс бойынша Бас прокуратураның өкілдерімен кездесу өтеді.

Айта кетейік, апта бойы бүкіл Қазақстан ОҚО-дағы Абай ауылында зорлық көрді  деген  баланың оқиғасын бақылады. Баланың әжесі өткен жылдың тамыз айынан бері жоғары сынып оқушылары немересіне зорлық-зомбылық көрсеткенін айтқан. Алайда зейнеткер тиісті жерлерге шағымданғанымен, бұл істі  жергілікті билік пен полиция жылы жауып қойған.

Жіберіп алмаңыз:

Үйінен қашып, із-түзсіз жоғалып кеткен екі жасөспірім Алматы облысынан табылды

ШҚО-да киіміне ақша жапсырып алған жас жігіт көшеге шығып, жұртқа ақша таратты (фото)

Жаңаөзенде үйі өртеніп, баспанасыз қалған жалғызбасты ана көпшіліктен көмек сұрады

Астана әкімі қаланың су тасқынға дайындығын тексерді

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар