Еліміздегі сұранысқа ие мамандықтар тізімі

Бейсенбі, 3 Тамыз , 2017 10:44

Биыл ҰБТ тапсырған 88 мыңдай мектеп түлегі ЖОО-ға құжат өткізіп, болашақ мамандығына таңдау жасады. Ал диплом алған түлектер жұмыс іздеуге кірісіп кетті.

8d47e61515e208237e8c637a086c6d03

Соған орай BNews.kz еңбек нарығына шолу жасап, қазір қандай мамандыққа сұраныс көп, болашақта қандай кәсіпті таңдаған тиімді екенін назарға ұсынады.

HeadHunter порталы мәліметіне қарағанда сұраныс ең көп сала – сауда-саттық екен. Әсіресе, тұтынушылармен тікелей жұмыс істеуші менеджерлерге зәру компаниялар көп. Сонымен қатар, тікелей және бөлшектеп сатумен айналысатын жұмыс орындарында да мамандар тапшы.

Екінші орында басқармалы есеп, бухгалтерия, кәсіпорындардағы қаржы бөлімі екен.  Әсіресе, қарапайым бухгалтерлерге сұраныс көп. Сонымен қатар, бастапқы құжат айналымы және төлемдер мен шоттар есебін жүргізуші маман іздеуші мекемелер де алдыңғы үштікте.

Үшінші орында әкімшілік басқару, ұйымдастыру, үйлестіру жөніндегі қызметкерлер. Ең көп сұранысқа ие мамандық – офис-менеджерлік, іс-қағаздар мен құжат айналымы маманы және жеке көмекшілерге зәру басшылар жетерлік екен.

Маманға зәру салалардың бірі – Ақпараттық технология, интернет, телекоммуникация. Инженерлер мен телекоммуникация саласының мамандарына да сұраныс көп.

Қазақстан бойынша жарнама, маркетинг, PR (қоғаммен байланыс) саласының мамандарына да сұраныс жоғары. Маманнан таршылық көріп отырған салалардың бірі – банк, инвестиция, лизинг. Бұлар да жақсы есепшілерге зәру екен. Одан бөлек несие менеджерлері мен корпоравтиті тұтынушылармен жұмыс істейтін мамандарды жиі іздейді.

Еліміздегі өндірістік салада да маман тапшылығы байқалады. Кәсіпорындардың көпшілігінде инженерлерге сұраныс өте жоғары. Әсіресе, тамақ өнеркәсібі білікті мамандарды жиі іздейді екен. Машина құрастырушылар мен металлургтерге мұқтаж кәсіпорындар да жетерлік.

Жобалаушылар мен сәулетшілер де жетіспейді. Құрылыс нысандарындарындағы ұсталар мен инженерлерді,  су беру және кәріз жүйесімен жабдықтаушыларды іздейтін хабарландырулар да жетерлік. Көлік және логистика саласында мамандар жетіспейді. Екі қолға бір күрек таппай жүргендер үшін бұдан бөлек туризм, қонақүй ісі, медицина, фармацевтика, масс-медиа мен іс-шараларды ұйымдастыру, қызмет көрсету салаларында да бос орындар жетіп артылады, делінген RedPoint Kazakhstan агенттігінің шолуында.

Тағы да оқыңыз:

Астанада соттан әділдік сұраған әйелдің өзі кінәлі болып қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар