Елімізде қыздардың 20%-ы 15 пен 17 жас аралығында алғаш жыныстық қатынасқа түседі

Сейсенбі, 19 Шілде , 2016 22:44

«Аман-саулық» қоғамдық қорының мәліметінше, еліміздегі қыздардың 20 пайызы 15 пен 17 жас аралығында алғаш рет жыныстық қатынасқа түседі екен.

feac1ddb56d41a29fe7d83b2860e4e53f40065e5

Фото: bnews.kz

 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ең өкініштісі тәукелге барып, жігітпен ерте көңіл қосатын бойжеткендер,  жұқпалы аурулар мен жүкті болып қалудан қалай қорғану керектігінен бейхабар. Соның салдарынан жасанды түсік жасатуға баратын қаракөздеріміздің саны артып келеді. Қаймана қазақтың қасіретіне айналған аборт тақырыбын “31 арна” қоғамдық талқылау ретінде жалғастырып келеді.

“Аман-саулық” қоғамдық қорының президенті Бахыт Түменова жасөспірімдерімізге мектеп қабырғасынан бастап “жыныстық қатынас мәдениетін” түсіндіру керек деп санайды. Біріккен ұлттар ұйымының әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеті осыдан 6 жыл бұрын еліміздегі білім ошақтарында репродуктивтік денсаулық пен контрацепция әдістерін түсіндіретін арнайы пән енгізу туралы ұсыныс жасаған екен. Алайда бұл бастама сол күйі қолдау таппай қалған -дейді маман.

– “Біз онда 10-12 жастан бастап мектепке осы пәнді енгізіп, балаларға кәдімгі өздерінің жасына байланысты дұрыстап түсіндіріп, психологтар бар, педагогтар бар, дәрігерлер бар дегендей осы жұмысты бастауымыз керек”, – дейді “Аман-саулық” қоғамдық қорының президенті Бахыт Тұменова.

Ал дім қызметкерлері жасанды түсік жасатумен ғана күресіп қоймай, оған апармаудың жолдарын да қарастырғанымыз абзал. Алдымен, жастарымыздың жүрегіне иман ұялатып, нәпсісін тыюға, зинаға бармауға тәрбиелеуіміз керек -дейді. Имамдардың айтуынша, ер мен әйелдің бір-біріне көз сүзіп қарауы, некесіз көңіл қосуының өзі күнә.

– “Ананың алтын құрсағына біткен шарананың бойында жан бар. Алла тағала оған жан берді. Кәдімгі жүрген адамды өлтірдің не, ананың құрсағындағы баланы өлтірдің не бірдей күнәсі. Сондықтан осындай жаны бар кішкентай шақалақты ананың ішінде, жатырда жатқан кезде өлтіру оған рұқсат берген күйеуі де, оны алдырған қыз бала да Алла алдында үлкен жазаланады. Оның күнәсі өте ауыр”, – дейді имам Ермек Жамбылұлы.

Жалпы елімізде тығырыққа тіреліп, жасанды түсік жасату туралы ой қуалап, жақындарынан қолдау таппай жүрген қыз-келіншектерге арналған сенім телефондары жұмыс істейді. Солардың бірі “Аман-саулық” қоғамдық қорының нөмірлерін экранда көрсеттік. Жас аналар бұл жерден тегін кеңес тыңдап, мединицалық көмекке нұсқаулық ала алады.

Жіберіп алмаңыз:

Биыл Атырауда 27 мектеп оқушысы жүкті болып қалған

ОҚО-да жыл басынан бері 100-ге жуық оқушы жүкті болып қалған

Алматы облысында оқушы бір топ жігіт зорлағаннан кейін жүкті болып қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Ереке120290 says:

    Қоғамды емдеу керек алдымен..

  • Анонимно says:

    мектеп емес ар кызды уйиндеги анасы жаксылап тарбиелеу керек, анасы ашык сойлесу керек,казир коп аналар кызы кошеде жигитпен сойлесип турса уялып отеди, кызы емес анасы уялады, осыдан кеин калай жигит басынбайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар