Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да жыл басынан бері 100-ге жуық оқушы жүкті болып қалған

Биыл жыл басынан бері ОҚО-да 93 оқушының жүкті екені тіркелді. Бұл мәліметті білім басқармасының жетекшісі брифингте сөз етті.

devochka-podrostok-zaberemenela-ot-24-letnego-parnya-v-voronezhskoy-oblasti_1

Сурет:newstes.ru 

Бас педагогтың айтуынша, мұндай жағдайға жүктілікке қатысы бар жігіттер ғана емес, балаларға көңіл бөліп, дұрыс тәрбие бере алмай отырған ата-аналар да кінәлі. Шенеунік пресс-конференция барысында бұл мәселені қалай шешу керектігін айтып берді.

«Бұл мәселе қатаң бақылауға алынды. Арнайы бағдарама құрып, соның аясында тәртібі қиын оқушылармен жұмыс жүргіземіз. Мұғалімдерді бұл мәселеде жауапкершіліктен алып тастағым келмейді, бірақ оған мұғалімдер ғана емес, ата-аналардың да кінәсі бар», – дейді Құлажанов.

Қуандық Құлажановтың айтуынша, көбіне тұрмысы төмен отбасынан шыққан немесе жетім қыздардың жүкті болып қалуы жиі тіркелген.

Былтырғы жылы Білім және ғылым министрлігі үш тілді білім беруді дамыту бағдарламасын бекіткен еді. Бұл методиканы еліміздің 117 мектебіне енгізген. Алайда, бұл облыс жаңа жүйе бойынша жұмыс істеуге асығар емес.

Жіберіп алмаңыз:

Оңтүстікте жүкті болып қалған жасөспірімдер көп

Талқылау