Елімізде ҰБТ орнына қабылдау емтихандары болуы мүмкін
Білім және ғылым министрлігі ақылы негізде білім алғысы келген талапкерлер үшін, ҰБТ орнына қабылдау емтихандарын тапсыру мүмкіндіктері туралы хабарлады.

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Қазақстанның Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, ЖОО ақылы бөлімінің талапкерлері үшін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жүйесі қабылдау емтиханымен алмастырылуы мүмкін, деп хабарлайды “Ақжол” партиясының баспасөз қызметі.
“Ақжол” партиясынан шыққан мәжіліс депутаттарының пікірі бойынша, елдегі гранттарды тағайындау жүйесі Қазақстаннан “ақылдылардың” кетіп қалуына жол береді, талантты жастар елден тыс жерлерде ақысыз білім алу мүмкіндіктерін қарастырады. Ал, Ресей, Чехия, Қытай елдеріндегі ЖОО біздің бітірушілерді ҰБТ сертификаты болмаса да қабылдап, оларға гранттар тағайындайды.
“Вице-министр Аймағамбетов, министрліктің ЖОО ақылы бөлімінің талапкерлері ҰБТ орнына қабылдау емтихандарын тапсыру жүйесін қабылдау туралы дайын екенін айтты”, — делінеді партия хабарламасында.
Биылғы жылы гранттарды тағайындау процессі ҰБТ жоғары балл көрсеткіштері бар балалардың мемлекеттік грант иелене алмаған кезде, талапкерлер мен олардың ата-аналары тарапынан сынға ұшыраған болатын.
Тағы да оқыңыз:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі