Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде полиция және мемлекеттік қызметкерлер күні атап өтілуде

Бүгін Қазақстанда екі бірдей кәсіби мереке, Полиция және Мемлекеттік қызметкерлер күні атап өтілуде. Елде қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін күзететін полицейлер күні 10 жылдан астам уақыт бойы мерекеленіп келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі

Елімізде полиция және мемлекеттік қызметкерлер күні атап өтілуде

2007 жылдың 5 маусымында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды – ресми түрде Полиция күні деп бекіткен болатын. Өткен жылы құқық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл толды. Қазақстан полициясының міндеттері мен қызметін анықтайтын бірінші заң актісі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заң болып табылады. Бұл заңды 1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдады.

Ал, Мемлекеттік қызметшілер күнін Қазақстан Республикасының Президенті ресми түрде 2013 жылы бекітті. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметте шамамен 98 мың адам жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова атап өткендей, тәуелсіздік жылдары елімізде жоғары кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптасты. Ол «Стратегия-2050», «Ұлт жоспары», «Үшінші модернизациялау» бағдарламасын табысты іске асыруда.

Дәстүр бойынша, полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында оларға елге сіңірген еңбектері үшін алғыс білдіріліп, үздіктері марапатталады.

Осы күнге орай, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қалалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне келесі аптаға дейін қызметтік пәтер табыс ететін болады. Ал кеше Ақмола облысының Щучинск қаласында Бурабай аудандық ІІБ жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау