Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алу үшін қанша қаржы қажет

Елімізде мемлекеттік бағдарлама бойынша кезек күтпей-ақ, баспаналы болу үшін де ұзақ уақыт қажет. Өйткені, бастапқы жарнаны жинаудың өзі оңай емес. Екінші деңгейлі банктерден 1 бөлмелі пәтер алу үшін отбасының табысы қанша болу керектігін сарапшылар есептеген, деп хабарлайды КТК арнасы.

“Егер отбасы пәтер жалдап тұратын болса,150 мың теңге көлеміндегі табыспен мүлдем ақша жинай алмайды. Жалақының бәрі күнделікті шығыннан артылмайды. Яғни, мұндай табыспен бастапқы жарнаның өзін жинау мүмкін емес”, – дейді krisha.kz порталының шолушысы Алина Буравцева.

Ал, отбасының кірісі 200 мың болса, айына осы сомманың 10 пайызын, яғни 20 мың теңгеден жинауға мүмкіндік болады. Осылайша, тек арада 10 жыл өткен соң ғана 1 бөлмелі пәтерге қажетті бастапқы жарнаға қол жеткізеді. Бұл инфляция деңгейін қоспағандағы есеп. Ал, осындай табыспен пәтерді түбегейлі сатып алу үшін кемі 20 жылдай уақыт қажет екен. Ал, айына 100 мың теңгеден жинау үшін, кіріс көлемі 350 мың болуы тиіс. Бұл қарқынмен бастапқы жарнаны 3 жылда жинауға болады. Ал, баспананы ипотекасыз 7-8 жылда сатып ала алады. Пәтерді ешқандай ипотекасыз 5 жылдың ішінде иеленгісі келетіндер болса, айына 200 мыңнан депозитке салып отырулары керек. Мамандар тезірек қоныс тойын тойлау үшін, азаматтардың көп нәрсеге шектеу қоюы қажет екенін айтуда. Олардың пікірі «бас екеу болмай, мал екеу болмайдыға» да қайшы. Яғни бойдақтарға қаражат жинау жеңілірек екен.

Жіберіп алмаңыз:

Ипотекалық қарызын төлей алмағандарды енді ешкім үйінен қуып шықпайды

Қазақстандықтар ең жоғарғы зейнетақыға қалай қол жеткізе алады

Астанада көпқабатты үй тұрғындары есіктеріндегі белгілерден қорқып отыр

Талқылау