Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде қыз-келіншектерге арналған ұлттық нақыштағы сырт киімдер шығарыла бастайды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі тігін фабрикасы енді қыз-келіншектерге арналған әлемдік үлгідегі сырт киім тігуді қолға алды. Қазір жергілікті мамандарға германиялық дизайнер жаңа брендтер үлгісін пішуге көмектесіп жатыр.

970334e26d99d6e0a6ce73ac05ab66ea_L

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Шетелдік тәжірибелі тігіншіні облыстық кәсіпкерлік палатасы «Аға сарапшылар қызметі» атты халықаралық бағдарлама аясында шақыртқан. Неміс дизайнері фабрика мамандарына тегін кеңес беруде. Ятта Хайдельман зауыт қызметкерлеріне дәстүрлі нақыштарды сақтай отырып, заманауи үлгідегі сырт киімдер тігудің қыр-сырын үйретіп жатыр. Қазірдің өзінде дизайнерлер қыз-келіншектер пальтосының 12 үлгісін жасап үлгерді. Оның 8-і өндіріске дайын. Отандық өнім қазан айында ішкі нарыққа шығарылады. Әзірге оған қажетті шикізат Түркия мен Италиядан әкелінуде. Көздің жауын алатын классикалық киімдер ою-өрнекпен көмкерілген.

Айта кетерлігі, отандық өнім импорттан 20-30 пайызға дейін арзан болмақ. Сонымен қатар тараптардың енді ерлер және әйелдер костюмінің үлгісін көбейтпек ойы бар. Дизайнерлер көп ұзамай-ақ ерлердің де пальтосын тігуді жоспарлап отыр.

– “Менің ойымша, бұл кәсіпорынның болашағы зор. Өйткені мұнда колының қиюы бар тігіншілер еңбек етіп жатыр. Олар әрбір өнімнің сапалы болып тігілуіне мән береді. Біз қазір бірігіп, сырт киімнің озық әлемдік үлгісін жасадық. Олар – қысқа және ұзын әйелдер пальтосы. Тігіншілер оңды нәтижеге қол жеткізеді деп ойлаймын”, – дейді неміс дизайнері Ятта Хайдельман.

– “Қазіргі уақытта біз әйелдерге арналған 12 түрлі сырт киімнің үлгісін жасап жатырмыз. 1-2 ай көлемінде Қазақстан халқына өзіміздің ұлттық ою-өрнектермен әсемделген сәнді пальто үлгісін әйелдерімізге, қыз-келіншектерімізге ұсына аламыз”, – дейді тігін фабрикасының өкілі Айжан Қалмұратова.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғали “Алло” әнін жазып берген досына Gelandewagen тарту етті

Баян Есентаева өзінің тегін өзгертті

Қоғамдық дәретханадан сәби табылды (видео)

Талқылау