Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде қоғамдық орындарда хиджаб киюге тыйым салына ма?

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында қоғамдық орындарда хиджаб киюге тыйым салу мәселесі қарастырылмағанын айтты.

Елімізде қоғамдық орындарда хиджаб киюге тыйым салына ма?

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бүгін, 16 мамырда, мәжіліс отырысында діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мақұлданды. Дінді деструктивті мақсаттарға қолдануға жол бермеу үшін, аталған құжатқа “деструктивті діни ағым” және “діни радикализм” жаңа ұғымдары енгізілгеді.

«Бұл ұғымдарды енгізу және деструктивті діни ағымдардың идеологиясын, атрибуттары мен сыртқы белгілерін таратуға тыйым салу арқылы сырттан елімізге жат иделогияның енуіне тосқауыл қоюға мүмкіндік береді. Жобада бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге тыйым салу көзделген», — деді Кәлетаев.

Дін істері министрінің сөзінше, аталған заң қабылданғаннан кейін ғана, ұлттық қауіпсіздік комитеті, дін істері және ішкі істер министрліктері тиісті ережелерді  әзірлейтін болады.

«Тыйым салынатын атрибуттар мен сыртқы белгілердің тізімін дайындағанда діни бірлестіктер, сарапшылармен, діндарлармен ашық түрде талқылап, ақылдасып, келісетін боламыз», — дейді министр.

Бүгін мақұлданған заң жобасында бетті тұмшалап тұратын киімдерге ғана тыйым салынып отыр. Өз кезегінде мұның хиджабқа қатысы жоқ екенін атап өткен жөн.

«Тек адамның бет-әлпеті жабылмаса болды», — деді министр журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Аталған заң талаптарын орындамаған адамдар қылмыстық қудалауға ұшырамайды. Оларға алдымен ескерту жасалады. Ал заң талабын қайта бұзған жағдайда айыппұл салынатын болады.

Оқи отырыңыз:

Құрбан айтқа орай сіздің аулаңызда қой сойып жатса кімге шағымдану керек

Сириялыққа тұрмысқа шыққан қазақстандық әйел бес баласымен және күйеуімен бірге Сирияға жер аударылуы мүмкін

Қазақстандықтардың ұялы телефондары ЖСН-ға байланыстырылады

Қазақстандағы 2018 жылғы үздік 20 жоғары оқу орнының тізімі белгілі болды

Талқылау