Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде қаржылай қиындықтан бір жылда 17 мың студент оқуын тастап кетті

ҰБТ-ның жайы осындай болып жатқанда, елімізде соңғы бір жылда 17 мың студент ақшасы жетпегендіктен оқудан шығарылған, деп хабарлайды КТК арнасы.

2647841

Қаржылық қиындықтарға тап болған қыз-жігіттерді мемлекеттік оқу орындары да, жекеменшік білім ордалары да аямапты.

Удай қымбат оқу ақысын қалтасы көтермеген 17 мың студенттің 11 мыңы – жекеменшік жоғары оқу орындарына түскендер. Ал қалғаны – мақтаулы мемлекеттік университеттердің студенттері. Мүйізі қарағайдай мекемелер теңгесі жетпегендерді табалдырықтан аттатпай, оқудан бірден шығарып жіберіпті. Бірақ соған қарамастан, студенттердің саны жылдан жылға көбейіп келеді.

Биыл жоғары оқу орындарында 477 мың адам оқып жатыр. Ал стипендия алатындардың үлесі 29 пайызға дейін төмендеген. Бір айта кетерлігі, жастардың жартысынан көбі мемлекеттік емес, жекеменшік университтерді таңдайды екен.

Тағы да оқыңыз:

Өлі күйінде табылған 10 жасар Ришат Харикоглуға қатысты жаңа дерек пайда болды

Павлодарда адамдар аралап жүрген уақытта сауда үйінің төбесі құлап түсті (видео)

Шәууал айы Рамазанда жіберіп алған кемшіліктеріміздің орнын толтыратын ай

Талқылау