Шәууал айы Рамазанда жіберіп алған кемшіліктеріміздің орнын толтыратын ай

Сенбі, 1 Шілде , 2017 8:17

Шәууал айы – Рамазанда жіберіп алған кемшіліктеріміздің орнын толтыру үшін таптырмайтын мүмкіндік.

1850594

Рамазан айын бос өткізіп алдың ба?! Қасиетті айда жасай алмаған құлшылықтарың үшін өкінесің бе? Оның бекер! Бәрінің де орнын толықтыруға болады. Себебі, бір жылдық сауаптар жазылатын Шәууәл айына қадам бастық, деп жазады ummet.kz.

Шәууал айы – Рамазанда жіберіп алған кемшіліктеріміздің орнын толтыру үшін таптырмайтын мүмкіндік. Міне, қазір сол мүмкіндік айы. Рамазан айында түрлі себептермен кей күндерін қаза етіп алған кісілер Шәууәл айында әуелі Рамазанның қазасын өтеп, кейін Шәууәлдің алты күндік нәпілін ұстаса болады. Рамазан айынан кейін келетін Шәууәл айында алты күн нәпіл ораза ұстаудың сауабы – бір жылдық оразаның сауабына тең. “Сахих Муслимде” риуаят етілген хадисте Алланың Елшісі: “Кім Рамазан айының оразасын ұстап, оған қосымша Шәууәл айында алты күн ораза ұстайтын болса, ол бір жыл ораза ұстаған сияқты болады” деп сүйіншіледі.

Алла Тағала Құранда: “Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі  – деген. Ғалымдар Шәууәл айындағы алты күн оразаның бір жылдық сауабын осы аятпен байланыстырады. Рамазан айындағы отыз күн мен Шәууәл айындағы алты күн қосылғанда, отыз алты күн болады. Бұл сан он есеге көбейтілсе, үш жүз алпыс күнді құрайды. Міне, бұл да Алла Тағаланың бізге деген шексіз мейірімі.

Пайғамбарымыз Шәууал айының оразасы үшін берілетін сауапты Рамазан айымен байланыстырды. Және кім осы сауапқа ие болғысы келсе, алдымен Рамазанның оразысын өтегені абзалырақ. Ораза ұстау арқылы сауабын еселеп алғысы келген кісі екі оразаны екі бөлек өтегені жөн. Себебі, қаншалықты көп ораза ұстаған болсақ, соншалықты сауабы да мол болмақ.

Ал, енді артық ораза ұстауға қиналатын немесе артық ораза ұстауға жағдайы келіңкіремейтін кісілер рамазан айынан кейін тек қаза оразаларын ұстаса, Шәууәл айының да нәпіл оразасын қатар өтегендей болып, бір жылдық ораза сауабына кенеледі деген үмітпен оған да рұқсат екенін айтады кейбір ғалымдар.

Тағы да оқыңыз:

Шариғат қандай жағдайда түсік (аборт) жасатуға рұқсат береді?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар