Елімізде қабірге биік құлпытас пен зәулім кесене орнатуға тыйым салынды

Былтыр ҚМБД «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітап шығарып, онда қайтыс болған адамды жерлегенде қабіріне биік құлпытас пен зәулім кесене орнатуға тыйым салған еді. Бұл жаңашылдықтарды көкшетаулық имамдар мен қоғам өкілдері бірінші болып қолдады.

Елімізде қабірге биік құлпытас пен зәулім кесене орнатуға тыйым салынды

Сурет: otyrar.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Көкшетау қаласындағы зираттың аумағынан материалдары шет елдерден арнайы тапсырыспен әкелінген түрлі мазарды көруге болады. Кей мазар мәрмәрдан тұрғызылған. Мұндай кесенелер құны 10 миллион теңге дейін барады екен.

«Егер де үлкен мешіт сияқты зиратты алатын болсақ, орта есеппен 2-3 млн теңгенің көлемінде шығып қалады», – дейді Ақмола облыстық Науан Хазірет мешітінің зиратқа жауапты қызметкері Ербол Мырзатаев.

Бұған дейін зираттаы қадағалаған жеке кәсіпкер ақша үшін азаматтарға таңдағае жерін сатумен айналысқан. Алайда мұндай жағдайды болдырмас үшін, мешіт қызметкерлері бір жарым ай бұрын әкімдіктегілердің рұқсатымен зиратты өз бақылауына алыпты.

«Жерлеу орынға 2/3 шаршы метр алаң ғана беріледі. Және де оны көтерген кезде 1 метр биіктікке ғана көтеруді ұсынып отырмыз. Келешекте осыны халыққа түсіндіріп, бірізділікке түсіру ойымыз бар», – дейді Ақмола облыстық Науан Хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит.

Сондай-ақ, қалалық ардагерлер кеңесі мен  «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі өкілдерінен құралған комиссия шарттардың орындалуын қадағалап жүр.

«Ол жер әкімдіктің, оның ішіндегі коммуналдық бөлімдікі. Сондықтан, біздің шартымызды орындау керек. Болмаса, басқа жерге апарып жерлесін», – дейді Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев.

Көкшетау зираты толық қоршалмағандықтан, имамдар қабір басын 1 метрге дейін көтеруге рұқсат беріп отыр. Алайда жаңа зират ашылғаннан кейін қабір басының биіктігі біршама төмендейді.

Имамдардың айтуынша, молаға  тал отырғызу, оның ішінде жеміс ағашын егу – құптарлық іс.

Оқи отырыңыз:

Қызылордада марқұм Батырхан Шүкеновтің туған күніне орай ескерткіш орнатылды (фото, видео)

Мәскеуде көз жұмған Томирис Байсафаның анасы бұған дейін тергеушілер айтқызбаған сұмдық жайттардың шетін ашты

Қарағандыда сабақтан соң қала сыртына кетіп қалған қызды пойыз басып кетті

Өскеменде автобус аялдамасында 78-жастағы зейнеткер кенеттен көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар