Қарағандыда сабақтан соң қала сыртына кетіп қалған қызды пойыз басып кетті

Қарағандыда 11-інші сынып оқушысы Венера Жақыпова жұмбақ жағдайда қаза тапты. Оны қаладан 100 шақырым жердегі Сарыбел және Анар станцияларының арасында пойыз қағып кеткен. Ал марқұмның мұғалімдерінің сөзінше, оқушы сабағын жақсы оқыпты. Тәртібі де жақсы болған, дейді мұғалімдер, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қарағандыда сабақтан соң қала сыртына кетіп қалған қызды пойыз басып кетті

Венера Жақыпова сынақ ретінде тапсырылатын бірыңғай ұлттық тестілеуден де 100-ден аса балл жинап жүрген.

Қайғылы оқиға орын алған күні 18 жастағы Венера Жақыпова барлық сабаққа қатысқан. Алайда сабақтан кейін белгісіз себептермен қаладан 100 шақырым жерге барған. Сарыбел және Анар станцияларының арасында келе жатқан пойыз жүргізушісі қызды көріп, тежегішті тартқанымен, ауыр отарбаны тоқтату мүмкін болмапты. Салдарынан қыз пойыз астына түсіп мерт болды.

«Көз алдымызда өскен бала болғандықтан, әрине, бізге өте ыстық. Ол қыздың орны босап қалды деп айтсақ та болады. 11 сынып оқушыларының айтуынша оның көңіл күйінің түсіп тұрғаны, бірнәрсеге өкпелеп тұрғандығын байқамадық дейді», – дейді № 93 гимназия директорының орынбасары Құралай Көбекова.

Венера Жақыпова әкесі мен аға-жеңгесінің қолында өскен екен. Ал анасы осыдан 10 жыл бұрын дүние салыпты.

Мұғалімдерінің сөзінше, Венераның тәрбиесі жақсы болған.

Әзірге полиция бұл жағдайдың оқыстан болғанын не қыздың өзіне қол жұмсағанын айта алмай отыр.

Қазіргі уақытта «темір жол көлігі қозғалысы ережесінің бұзылуы» бабына сәйкес іс қозғалған.

Ал марқұмды жерлеу рәсімі ертең өтетін болады.

Оқи отырыңыз:

Өскеменде автобус аялдамасында 78-жастағы зейнеткер кенеттен көз жұмды

«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы ағымдағы жылдың шілдесінде жүзеге асырылмақшы

Дариға Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін жеке тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

Shazam бағдарламасына қазақ әндері енгізілуі мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар