Елімізде ескі көлікті утилизациялауға берілетін ақша жүргізушілердің түсінбестігін туғызды

Жұма, 11 Қараша , 2016 21:21

Елімізде 21-ші қарашадан бастап тозығы жеткен жеңіл  машиналарды утилизацияға жіберу үшін өтініш қабылдау басталады.

kak-utilizirovat-avtomobil-2

Бірақ ескі-құсқы автомобильге берілетін ақшаның 150 мың теңге боп бекітілгені жүргізушілердің түсінбестігін туғызып отыр. Ал қозғалысқа мүлдем жарамайтындары тиын-тебен ғана алады. Оның үстіне әзірге жарнамадан әрі аса алмаған іске сенімсіздік танытушылар көп, – деп хабарлайды KTK арнасы.

Еліміздің өзге қалаларын айтпағанда Елорданың ірі даңғылдарында 30-40 жыл бұрынғы ескі көліктер өріп жүр. Тозығы жеткені былай тұрсын ауаны да  ластап жатыр. Шірудің алдында тұрған жеңіл  машиналардан құтылу Энергетика министрлігіне тапсырылған. Олар арнайы кәсіпорын ашып, 21 қарашадан бастап утилизацияға өтініш  қабылдағалы жатыр.

«Әр қаланың шетінен арнайы алаңдар ашып қойдық. Өтінішті сонда апарса болады. Ал утилизацияға кез-келген көлік қабылданады. Тек қаңқасы, есігі мен қозғалтқышы болса, оған 48 мың теңге төленеді. Ал егер машина жүріп тұрса, 150 мың теңге береміз», – дейді «Оператор РОП» ЖШС директоры Рустам Темірбек.

Бір қызығы, елімізде ескі көліктің көзін жоятын бірде-бір зауыт жоқ.  Сондықтан жауаптылар жылдың соңына дейін кәдеге жарамайтын машиналарды тек жинаумен айналыспақ. Кейін автомобильдің аккумуляторы  мен бөлшектерін сөгіп алып, қаңқасын металл шығаратын зауыттарға қайта өңдеуге жөнелтпек.

Қазақстанда  қазір 5 миллионнан астам машина бар екен. Бір қызығы соның басым бөлігі яғни 3 миллионының шыққанына 10 жылдан асқан. Ал 1,5 миллионы мінуге жарамсыз.  Сондықтан автопаркті жаңарту үшін утилизация керек. Бірақ жүргізушілер  тозығынан құтылуға аса құлшынып отырған жоқ. Өйткені өтемақы тым мардымсыз. Нарықтағы бағамен мүлдем сәйкес келмейді. Сол себепті, мақтауы асырылған жобаның іске асарына сарапшылар күмәнмен қарайды.

«Бұл күлкілі жағдай. Ескі көлік үшін берілетін ақша тым аз. Сондықтан тозығы жеткен машиналардан құтыламыз деген бос сөз. Мен бұған сенбеймін», – дейді Тәуелсіз автомобилистер одағының төрағасы Эдуард Эдоков.

Тек шенеуніктердің сөзі оптизмге толы. Алдымен жеңіл автомобильдерден құтылып болғаннан кейін жүк көліктерімен айналыспақ.

Ауқымды жоба Астана мен Алматыда және барлық облыс орталықтарында жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, жүргізушілердің  ескі көлігін өткізіп, жаңасына жеңілдікпен қол жеткізуге мүмкіндігі бар. Яғни тозығы жеткен автомобиль үшін 350 мың теңгенің сертификатын алып, Қазақстанда құрастырылған жаңа көлікке алғашқы жарна ретінде төлеуге болады. Бірақ бұл кейбір құжаттарға өзгеріс енгізуді талап ететіндіктен сәл кейін іске асырылмақшы.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
14 күні 23 сағат кері

Митсубитси лансер бар 1993 жылгы алатын босаныздар астана 8701386369÷

Анонимно
15 күні 3 минут кері

Москвич пирожковозды да 150 мынга алады ма

Анонимно
28 күні 3 сағат кері

Халыктты канау гой бул. Бай тойвп секиреди. Кедей тонып секиреди. Жагдайы келмейтиндер нестиди сонда? Укиметтин оздеринде 1 жастагы балдарынна дейн колик бар. Жагдайы жоктар амал жок нан табу ушин ески колик алады. Олор нестиди сонда 150 мынга мысык котин корсетпиди гой.

Анонимно
28 күні 6 сағат кері

шаш ал десе бас алатын халыкпыз го

Анонимно
28 күні 6 сағат кері

150мын тенгеге тышкан бир жерин корсейтпейди да гой,не деген сумдык,жерге урып,ескиболсада 700 000тг ге сатып алдык гой

Анонимно8
29 күні 1 бір сағат кері

Биринши авто салонга барып жана коликтин неге карамайды екен казирги жана коликтер 10 жыл болган шетелдик ликтерге сапасы жетпейди орыс коликтери карапайым халык жана колик алуга калтасы кайдан котереди

Анонимно
29 күні 10 сағат кері

Ескі машина жана машина болсын мәселе онда мес мәселе бензинде тазаемес

Анонимно
3 күні 1 бір сағат кері

Менде ниссан примера бар 1993 жылгы . Журип тур . Бирак 250 мын берсе лактырамын

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар