Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде еркектердің 42 пайызы жыныстық жолмен берілетін ауруға шалдыққан

Зерттеу нәтижесі мынадай: ерлердің 56,3 пайызынан түрлі дәрежедегі эректильдік дисфункция белгілері анықталған. 30,4 пайыз – ұрықтың бұзылуы, 42,4 пайызы жыныстық жолмен берілетін жұқпалы ауруларға шалдыққан.

Халық санын 20 миллионға жеткіземіз деп жүргенде, некедегі ерлердің белсіздігі 16 пайызға жеткен. Б.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мырзакәрім Алшынбаевтың айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінде, егер елдегі бедеулік 15 пайыздан асса, бұл әлеуметтік-демографиялық мәселеге айналады. Астана қаласында “Ерлер денсаулығы мектебі” аясында өткен конференцияда еліміздің бас урологы еркектерге қатысты небір деректерді келтірді, деп хабарлайды Elorda.info порталы.

Біріншіден, еркектердің өмір сүру ұзақтығы әйелдерге қарағанда 10 пайызға төмен. Екіншіден, әйелдерге қарағанда ерлер қатерлі ісік ауруына екі есе көп шалдығады.Үшіншіден, Қазақстандағы өлім-жітім дерегінде ер-азаматтар алдыңғы орында тұр. Төртіншіден, ерлердің репродуктивті денсаулығын қорғау жөнінде бірде-бір мемлекеттік бағдарлама жоқ. Мүмкін, осының әсерінен болар, ер азаматтардың 65 пайызы өз денсаулықтарына немқұрайлы қарайды екен. Айта берсек көп. Жүрекпен, қан қысымымен, гиперхолестеринемиямен, семіздікпен де көп ауыратын – еркектер.

Конференция барысында Мырзакәрім Алшынбаев жиынға қатысқан азаматтарға “Соңғы рет урологқа қашан бардыңыз?”, “Тестостеронге қашан тест тапсырдыңыз?”, “Күніне қанша шақырым жүгіресіз?”, “Арақ, темекіге әуессіз бе?” секілді қарапайым сауалдар қойды. Өкінішке қарай, көңілге қонатын ешқандай жауап жоқ. Азаматтардың көбі жүгірмейді, денсаулығына байланысты кеңес алмаған, тіпті отырған жүзге жуық адамның ешқайсысында үш баладан артық бала жоқ. Төрт баласы бар бір-екеуі ғана қол көтерді. Бұл нені білдіреді?Профессор Алшынбаевтың бастамасымен Урология ұлттық ғылыми орталығы жүргізген скринингтік зерттеуге назар аударсақ. Оған еліміздің барлық аймағынан 26000 ер-азамат қатысқан екен. Зерттеу нәтижесі мынадай: ерлердің 56,3 пайызынан түрлі дәрежедегі эрек-тильдік дисфункция белгілері анықталған. 30,4 пайыз – ұрықтың бұзылуы, 42,4 пайызы жыныстық жолмен берілетін жұқпалы ауруларға шалдыққан. Ал түсті металлургия кәсіпорындарында жұ-мыс істейтін жұмысшылардың 53,2 пайызында репродуктивтік қызметтің бұзылғаны байқалыпты.

“Қоғам шындығы сол, азаматтардың көбі өз денсаулықтарына алаңдамайды. Дәрігердің алдына тек ауруы асқынып кеткенде ғана барады. Белсіздіктің кесірінен талай отбасы ажырасуда. Ұлт болып тамырымызды кеңге жаямыз десек, ең алдымен, ер-азаматтарымызға көңіл бөлу керек. Олардың амандығы, денсаулығы маңызды. Азаматтар да осыны түсініп, уақытылы мамандардың көмегіне жүгініп қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстанса игі”, — дейді Мырзакәрім Алшынбаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде “Ерлер денсаулығы орталығы” ашылған. Аталмыш орталықта уроандрологиялық ауытқулар әсерінен болатын жүрек-қан тамырлары мен эндокриндік патологиялардың деңгейін анықтауға болады. УДЗ диагностикасы арқылы аурудың қай деңгейде екенін біліп, алдын алуға әрекет жасайды. Бұйырса, 2018 жылдан бастап аталған орталықтарға мемлекет тарапынан қаржы бөлінбек.

Тағы да оқыңыз:

Жылқының еті 17 ауруға ем

Істі болған Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы алғаш рет сұхбат берді

Қарағанды тұрғыны “тәжіктер ұйымының” теракт жасамақ болып жатқанын мәлімдеді

Талқылау