Елімізде азық-түлік бағасы шарықтап барады

Сейсенбі, 11 Қазан , 2016 8:04

Елімізде соңғы бір айда азық-түлік бағасы шарықтап барады. Ақтөбе облысында ет, сүт, балық өнімдерінің құны бірнеше пайызға көтерілген. Мұндай жағдай Алматы облысы мен Маңғыстау өңірінде де жиі тіркелетін болған.

phpIAHE4g_53be096ef7c07942c8543ebd

Фото: Uralsk.info

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Енді тапқан-таянғаны тамағына жетпейтін жандар қазір шарасыз күйде. Елдің бірнеше өңіріндегі тілшілер бүгін бір-бірімен байланысқа шығып, базардағы жағдайды бір мезетте бақылап көрді.

Соңғы бір айда Ақтөбеде халық көп тұтынатын ет, сүт, балық және кондитерлік өнімдерінің бағалары айтарлықтай өсті. Статисткаға сүйенсек, Ақтөбеде тек қазан айында бидай ұнының бірінші сорты, сары май және кондитерлік өнімдер 3 пайызға қымбаттаған. Бұл тек бір айдың ғана көрсеткіші. Ал жыл басынан бері аталмыш азық-түлік түрлері бірден 40 пайызға дейін өскен. Мамандар бағаның бұл құбылысына өнімдердің көрші елдер мен басқа облыстардан тасымалдануынан деп отыр. Ал сатушылар болса шетелдік емес, өзіміздің отандық өнімдердің бағасы ай сайын неге қымбаттайтынын түсінбейміз дейді.

“Жоғарғы жақтан айтып жатыр Қазақстанда өндіріледі, арзандату керек- дейді, қарап тұрсаң Ресейден келіп жатқан тауардан ешқандай кемшілігі жоқ. Жоқ дегенде қазір міне 780 теңгеден сатқан кәмпиттерді қазір 1266 теңгеден сатамыз”, – деді сауда өкілі Берік Сарин.

Талдықорған қаласында да азық-түлік бағасы күн санап қымбаттап жатыр . Мəселен, бұған дейін 1000 теңгеге біраз зат алатынсың. Қазір ол ақша қант пен май, шəй мен нанға да жетпейтін болды.

“Қант 270 тен келеді, май 400 келеді, нан 70 тен. Қантты 300 ден, нанды 75 тен майды 480 нен сатып жатырмыз”, – деді сатушы.

Ал Петропавлда осыдан 5-6 күн бұрын ғана 180 теңгеден сатылып тұрған сүт қымбаттады. Бір күнде 20 теңгеге дейін баға өсірсе, кейбір сауда орындарында ол 210 теңгеден сатылып жатыр.

“Мумуня” сүті өткен аптада қымбаттаған. Бірақ бағасын тұрғындардың наразылығынан кейін болу керек, қайта түсірді. Қазір “Наше молоко” бізге 22 теңгеге қымбат келе бастады. “Шадринский” сүті өткен сейсенбіде 20 теңгеге қымбаттады”, – дейді сатушы Светлана Юдинцева.

Одан өзге майлылығы 3,2 пайыз болатын “Петропавловское” сүтінің де бағасы 200 теңгеден асып кеткен. Ал майлылығы алты пайыз болатын сүт өнімдері тіпті, 240-250 теңгеден сатылып жатыр. Сатушылар сүт бағасының шарықтауы зауыттан әкелінетін сүттің құны дәл сонша бағаға шарықтаған дейді. Ал тұрғындар сүт өнімдерінің дені солтүстікте жасап шығарылады. Сондықтан қымбаттауына еш негіз жоқ еді деп наразы.

Ал, Маңғыстау өңіріне мал тасымалы азайды. Төрт түліктің еті де тапшы. Алып сатарлар бағаны көтеріп, Ақтауда ет қымбаттаған. Бұған дейін сиыр етінің бір келісі базарда 1400-1450 теңге болса, қазір 1600 теңгеге көтерілген. Жылқы еті де 100 теңгеге қымбат. Қой етінің келісі 1300 теңге болса, қазір1400 теңгеден. Ет дүкендері мен супермаркеттер де бағаны өсірген. Егер өңірге мал өнімінің келуі азаяр болса, баға одан әрі өседі дейді, – мамандар.

Оқи отырыңыз:

Павлодар облысында әкесімен бірге тұрғысы келмейтін оқушы қыз үйінен қашып кеткен

Ақтөбеде автобус жүргізушісі зорлаушыдан қызды қалай құтқарып қалғанын айтып берді

Рамзан Қадыровтың оныншы баласы өмірге келді

Арыстанбек Мұхамедиұлы студентке қырындап, пара сұрады деген шағымға жауап берді

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Қарапйым халықты қашаманғы қанайды?

  • Анонимно says:

    Айлығын тамағыннан артылмайды. Қайтып бала шага асыраймыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар