Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде алдағы күндері күн салқындайды

Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға суық ауа ағымдары келеді.

Елімізде алдағы күндері күн салқындайды

Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері еліміздің оңтүстік өңірінде болған 40-45 градустық ыстық жақында басылады. Алдағы 3 тәулікте Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінен салқын әрі ылғалды ауа ағымдары келетін болады.

Сондықтан еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.

Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркіреп, қатты жел соғуы мүмкін. Ал оңтүстік облыстарда, әсіресе таулы әрі тау маңындағы аймақтарда найзағай түсіп, өткінші жаңбыр жаууы ықтимал.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау