Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Елдегі инфляция үлкен мәселе": Маркетологтар “Kazakhstan Marketing Conference 2024” іс-шарасында бас қосып, нарықтағы түйткілдерді талқылады

19 сәуірде отандық маркетологтар “Kazakhstan Marketing Conference 2024” іс-шарасында турбуленттік кезеңде бизнестің өсу мүмкіндіктерін талқылау үшін бас қосты. 

Конференцияда Nielsen IQ зерттеу компаниясының өкілі Мәдина Сейсенғалиева бүгінде Қазақстандағы жоғары инфляция әсерінен тұтынушылық несиелердің көбейгенін атап өтті. Ұлттық бантің мәліметіше, Қазақстандағы үй шаруасындағылардың  34%-ы айына 150 000 теңге табыс табады. Тағы 30%-ы айына 150 000 – 300 000 теңгеге дейін табады. Осындай табыспен қазақстандықтардың 71%-ында ақша жинау мүмкіндігі жоқ. 2023 жылдың 4-тоқсанындағы деректерге сай, тұтынушылардың 37%-ының ай сайынғы несие төлемі 100 000 теңгеден асқан.

Сол себепті тұтынушы сұранысының төмендеуі бизнестің дамуына мүмкіндік бермейді. Бұл, әрине, ел экономикасы үшін де зиян. Осындай жағдайда сарапшылар кәсіп әлемінде маркетинг жөніндегі директорлардың рөлі артқанын атап өтті.

"Сентрас" компаниялар тобының басқарушы директоры Елена Афонина атап өткендей, маркетолог маман – ол стратег, инноватор, көшбасшы, талдаушы, коммуникатор, медиатор және бренд қорғаушысы рөлін атқарады. Кәсіби маркетологтар үшін нарықтың құлдырауы еңсені түсіретін жағдай емес. Керісінше, мұндай сәтте олар жеңді қайырып тұрып, жұмыс істеуі керек. "Сентрас" зерттеулеріне сәйкес, маркетинг жөніндегі директорлардың 57%-ы 2024 жылы жаңа өнімдер мен қызметтерді шығаруға назар аударуды жоспарлап отыр.

Әрине, кез келген жағдайда салада туындаған мәселеден алып шығатын үздіктер бар. “Kazakhstan Marketing Conference 2024” бас қосуында жыл сайынғы "The Best CMO" марапаттау рәсімі өтті. 2023 жылдың соңындағы үздік үш маркетолог атағын Антон Сербин, Tele2/Altel маркетинг жөніндегі директоры; Жанар Махамбет, ТМД елдеріндегі Yandex Ads маркетинг бөлімінің басшысы; Юлиана Матяш, “KULIKOV” маркетинг департаментінің директоры алды. Жеңімпаздарды кәсіби көшбасшылардан тұратын білікті қазылар алқасы таңдады.

Маркетинг индустриясы бизнесте алдыңғы қатарда екенін тағы да дәлелдеді. Бұл салада кез келген технологиялық жаңалықтар тез жүзеге асады. "Сентрас" компаниясы AI көмегімен бизнесті талдаудың инновациялық тәсілін ұсынды. Оның негізінде машиналық оқыту принциптері нарықты зерттеу үшін жаңа көкжиектерді ашады. "Сентрас" компаниялар тобының басқарушы директоры Данияр Қаженбаев Қазақстандағы ең танымал фастфуд мейрамханаларды мысалға келтірді. Krispy Kreme, Wendy's, Hardee's, Popeyes және KFC-дің қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Centras Ranking жобасы аясында әлеуметтік желілер мен 2gis және Instagram сияқты навигациялық қызметтерден алынған мысалдар да зерттелді. Нәтижесінде өнім сапасының, қызмет көрсету деңгейінің және жалпы бренд беделінің рейтингі анықталды.

Kazakhstan Marketing Conference – тәжірибе мен шешімдермен алмасу үшін маркетологтардың кәсіби қауымдастығының жиналатын алаңы. Биыл конференцияда 350-ден астам қатысушы бас қосты. Оның ішінде Forte Bank, NielsenIQ Kazakhstan, Yandex Ads, SAP, Home Credit Bank және басқа да ірі компаниялардың өкілдері болды. Сондай-ақ конференция аясында алғаш рет университет студенттері арасында маркетингтік хакатон өткізілді. Оған Narxoz университетінің, Алматы менеджмент университетінің, КИМЭП университетінің және МНУ университетінің (КАЗГЮУ) түлектері қатысты. Жас командалар Coca-Cola, Popeyes, Kommesk, Astana Motors компанияларының кейстерін талқылады.

Kazakhstan Marketing Conference – желіні кеңейтуге, көптеген пайдалы ақпарат алуға, жаңа бизнес мүмкіндіктерін, сондай-ақ саладағы серіктестерді табуға тамаша мүмкіндік.

Талқылау