Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасының атына 2 жылға сотталған физика мұғаліміне қолдау білдірілген үндеухат жазылды

Қазақстандықтар жалған лаңкестік үшін екі жылға сотталған қарағандылық мұғалім Юрий Пакқа қолдау білдіріп, петицияға қол қоюда.

b521f9865dd4f006b0d32fdb52f588021e5455ce

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Петиция президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазылған.  Онда үш күн бұрын жазалау үкімі шыққан физика пәнінің оқытушысы Юрий Пактың ісін қайта қарау сұралған.

4 қазан күні avaaz.org қоғамдық петициялар сайтына орналастырылған үндеухатқа мыңнан астам адам қол қойып үлгерді және олардың саны жылдам арту үстінде.

Еске салсақ, Юрий Пакқа 2015 жылдың 14 сәуірінде Қарағандыдағы ЦУМ ғимаратына «бомба» қойды деген айып тағылды. Себебі оның ұялы телефонынан шұғыл әрекет ету қызметтеріне қоңырау түскен. Ер адам бомба қоятындығы туралы хабарлаған.

Ұстаз сотқа өзінің бұл іске қатысы жоқтығын айтып-бақты. Оның айтуынша, қоңырау шалынған уақытта ол әріптес-әйелдерге парталарды тасуға көмектесіп жүрген. Телефон бұл уақытта көрші кабинетте, сөмкесінің ішінде жатқан.

Бұған дейін Қарағандыдағы мұғалімге қатысты сот: Қылмыстық істе ол куәгерден бас күдіктіге айналған еді. Кейіннен сот оны екі жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар аутизмнің пайда болуының тағы бір себебін тапты

Бас прокурор салықшылардың былығын әшкереледі

Үй аралауға шыққан Семей әкімі борышкерлердің есігін қиратпақ

Басқа елдерде зейнетке қанша жаста шығады?

Талқылау