Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы жаңа әлеуметтік бастамаларды жария етті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әлеуметтік бастамаларды жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Қазақстан Парламентінен халыққа жаңа әлеуметтік бастамалармен сөз арнаймын. Мен оларды баяғыдан бері ойластырып жүр едім. Бірақ, бізге күш пен қаражат жинақтау қажет болды. Енді міне уақыт жеткен сияқты. Біздің қоғамның әлеуметтік бірлігін одан ары нығайтуға нақты күш-жігер қабылдайтын және оны ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асыратын уақыт жетті», – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» идеясы жаңа сындарлы ойлармен толығуы тиістігін баса айтты. «Жаңа бастамалардың маңыздылығын ескере отырып, әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын одан ары жақсартуға бағытталған жаңа әлеуметтік бастамаларды талқылау үшін Парламент палаталарының және Үкіметтің бірлескен отырысына бастамашылық жасадым», – деп атап өтті Қазақстан президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы барлық ұсыныстардың егжей-тегжейлі ойластырылғанын, әрі бүгінде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың логикалық жалғасы саналатындығын атап өтті.

Президенттің айтуынша, шағын несиелерді қаржыландыру көлемін арттырудың арқасында ауылдың жағдайын көтеруге болады.

«Осылайша, шағын несиелендіру көлемі 62 миллиардқа жететін болады. Әсіресе, ауылды жерлерде. Жалпы, ауылда ғана емес, барлық жерде адамдар өз бизнесін аша алады. Соның арқасында шағын несиелендірудің көлемі 14 мың адамды қамтитын болады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық. 14 мың адам ол аз емес. Себебі бір адамның қарамағында үш-төрт, он, бәлкім, елу адам жұмыс істейтін болады. Бұның барлығын қосқанда, мықты шағын бизнес шығады. Соған қолдау жасауымыз қажет», – деді Н.Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

«Иә, аталған бастама, әсіресе, ауылды жерлер үшін аса маңызды. Себебі ол жерде кәсіпкерлік дамиды, мыңдаған адам өз бизнесін жүргізе алады», – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз:

Қазақ журналисі: Томирис актрисасын “баяғы қазақтар көк көзді болған» дейтін күлкілі концепцияға сай таңдаған

Уағызын ашулықпен айтқанын мойындаған Абдуғаппар Сманов халықтан кешірім сұрады (видео)

АҚШ-та оқитын қазақ баласы қайғылы жағдайда қайтыс болды

Талқылау