АҚШ-та оқитын қазақ баласы қайғылы жағдайда қайтыс болды
АҚШ-та оқып жатқан қазақ баласы Даиыр Сағдиев көз жұмды.

Бұл туралы марқұмның танысы Әсет Шәтеков Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
“Өкінішке қарай UCLA студенті Даиыр Сағдиев мерт болды. Ол үздік оқыған еді. Бірнеше тілде еркін сөйлейтін. Тарихи кітаптардың өзін француз тіліне аудаған дарынды бала еді”, – деп жазды ол.
Даиыр Сағдиевпен қоштасу рәсімі 5 наурызда UCLA мен Pierce Brothers Westwood Village Memorial Park-тың қасында өтеді.
Лос-Анджелес қаласында тұрып жатқан қазақстандықтар марқұмның отбасына көмек қолын созып, ақша жинап жатыр.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды